Балалар демалыс орындарына жіберілуде

Oinet.kz 29-06-2019 614

Screenshot_9.jpg     

 Жарылыстан кейін қалпына келе бастаған Арыс ауданында бүгінде тіршілік қалыпты. Мамандар тұрғындар үшін еш қауіптің жоқтығын ескертті. Арыстық балалардың қауіпсіздігі және бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін жазғы демалыс орындарына жіберілуде. Мәселен  140 оқушы Ақмола облысындағы Бурабай демалыс орнына, 200 бала Нұр-Сұлтан қаласына кетті. Сонымен бүгінге дейін Арыстан еліміздің басқа аймақтарына 725 бала демалуға жіберілген.

Оқушылардың  қауіпсіздігіне тәлімгерлер жауап береді. Арыстық балалардың демалысын ұйымдастырудың басты мақсаты – төтенше  жағдай факторларының ықпалынан құтылу үшін психологиялық көмек көрсету. Шымкент темір жол вокзалында 340 баланы жақсы демалыс, жағымды эмоциялар тілеген ата-аналар шығарып салды. Түркістан облыстық білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ардақ Садықованың айтуынша, алдағы уақытта жазғы лагерьге 4000-нан астам оқушы жіберу жоспарланып отыр. Осы аптада тағы 500 бала демалуға жіберіледі.   Айта кету керек, Арыс қаласының аумағында  40 мектеп бар, онда 18 399 оқушы  оқиды. 50 мектепке дейінгі мекемеге 5071 бала барады. Жалпы, бүгінгі күні 570 жасөспірім  жазғы лагерьлерге жіберілді.


Жәдігер орнын тапты
Әже тәрбиесі ең үлкен мектеп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу