Жастар енді аллеяда демалады

Oinet.kz 01-07-2019 623

Screenshot_1.jpg

Түркістан облыс орталығына айналғалы бері рухани шаһарға қоныс аударғандардың саны артып келеді. Халқы көбейіп жатқан қала да жастардың да үлесі басым. Қуаныштысы сол қалада жастардың білім алуына, ғыллымен шұғылдануына, спортпен айналысыуына және бос уақытын тиімді падалануға барлық жағдай жасалып келеді. Алдағы уақытта бұл маңда жастар үшін тағы бір нысан пайдалануға берілмек.  Бұрынғы «Селмаг» су қоймасының орнынан ашылғалы жатқан «Жастар аллеясының» жақын күндері лентасы қиылмақ.  

  Мұнда бірнеше спорт алаңдары болады. Атап айтқанда  салауатты өмір салтын ұстану мақсатында қыз-жігіттер  алаңда теннис, волейбол, басткетболмен шұғылдана алады.  Тұрғындардың сүйікті орнында демалыс бастырмалары, субұрқақтар салынып, қызылды-жасылды гүлдермен көмкеріліп, биік ағаштар егіліп, абаттандырылатын болады. Сондай-ақ аллея түрлі іс-шараларды өткізуге қолайлы орны болмақ. 

 Қазіргі таңда 3,3 гектар жерді құрайтын аллеяның аумағы тегістеліп, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ескі су қоймасының су құбырлары ауыстырылып, траншеялар қазылуда. Су бұрқақтар құрылысы басталып, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Салаға жауапты мамандардың мәліметінше демалыс орнының алдында арнайы автотұрақ  та салынатын болады.


Түлкібаста «өзіміздің» дүкен ашылды
Әзірбайжандармен мәдени байланыс нығаймақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу