Тұрғындардың өтініші орындалды

Oinet.kz 01-07-2019 563

Screenshot_3.jpg

Ауылдық клуб – мәдени іс-шаралар өтетін бірден бір орын. Клуб ауыл тұрғындары үшін өте қажет нысан. Себебі адамға рухани азық беретін концерт, жиынның бәрі осында өтеді. 

Түлкібас ауданы Жаскешу ауылдық округіне қарасты Жанұзақ елді мекеніндегі ауылдық клуб ескіріп, жарамсыз күйде тұрған еді. Аудан әкімі Н.Тұрашбековтың өткен жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру жиынында тұрғындар осы мәселені көтеріп еді. Енді, міне арасы суымай халқына жақын әкім тұрғындардың арыз-шағымын назарына алып, аталмыш клубты жөндеуден өткізуді бастады.   Тозығы жеткен мәдени нысанның  бүгінде бойына қан жүгіріп, әр кіре бастаған.  100-ден аса адамға есептелген клубтың қас беті де жаңартылып, келбеті өзгеруде. Енді аумағы толығымен қоршалып, абаттандырылмақ. 

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыры» бағдарламалық мақаласы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бұл нысан, аудан орталығынан шалғай жатқан 45 қана үйі бар Жанұзақ ауылының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Өйткені бұл жерде ауыл жастары музыкалық және басқада да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланумен өткізуге жағдай жасалынбақ.

 Нысан қыркүйек айында пайдалануға берілмек.  


Әзірбайжандармен мәдени байланыс нығаймақ
Түркістанның тарихынан сыр шертті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу