Балалардың көңілін көтерді

Oinet.kz 01-07-2019 541

Screenshot_6.jpg

Басына іс түскен арыстық тұрғындардың көңілін серпілту үшін Түркістан облысы Мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесі анимациялық фильмдер көрсетілімін ұйымдастырды. 

  Уақытша лагерьде әзірге 200-ге жуық тұрғын бар,  оның 40-тайы балалар.  Сол кішкентай көрермендерге Түркістан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» мекемесі бірлесіп түсірген «Күш атасы – Қажымұқан», «Ордабасы – бірлік туы», «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдері көрсетілді. Аталған туындылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында таспаланды. Сценарий авторы және режиссері – Батырхан Дәуренбеков. Жыл басында бұл жобалар Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан-қалаларында көрсетіліп, дискілері таратылған болатын.  «Күш атасы – Қажымұқан» туындысында намысты рухпен жанып, арын жанынан жоғары бағалап, жеңілісті өзіне өлім санаған бабаның бейнесі бала көңілін әрдайым биікте болуға жетелейді. Сол ұмтылысты күнделікті өмірде жасауға болатынын ашып көрсетеді. Ал, «Киелі Қазығұрт» - Нұқ пайғамбар кемесінің Қазығұртқа тоқтауы туралы аңызды баяндайды.

       Шара соңында бүлдіршіндерге тәттілер таратылды. «Оңтүстікфильм» мекемесі мұндай игі шараны алдағы күндері де жалғастырмақ ниетте. 


Үшемдерге сыяпат жасады
Иранға жүгері эскпорттауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу