Жамбылдықтардың қарқыны мықты

Oinet.kz 07-07-2019 575

Screenshot_10.jpg

Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлініп, бүгінде әр өңір өзіне тиесілі тұрғын үйлерді жөндеуден өткізіп жатқаны белгілі. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласына аялдап, ондағы  құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан секторлардың жұмысымен танысты. Әрбір облысқа қарасты тұрғын үйлерді аралады.

Өңір басшысы әуелі Жамбыл облысы штабына аялдап, жұмысшы топпен кездесті. Облыс әкімі жөндеу жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыру қажеттігін айтты.Кейін Жамбыл облысына қарасты 3-сектордағы жөндеуден өтіп жатқан жеке тұрғын үйлерді көрді. Тұрғындармен кездескен Өмірзақ Естайұлы барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары 1 айда аяқталып, қала жаңа кейіпке енетінін жеткізді.

Айта кетейік, Жамбыл облысына 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген.

Бұден бөлек, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар бар. Қазіргі таңда жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер өз аумағындағы үйлерді қалпына келтіру жұмысына белсене кіріскен. Соның нәтижесінде 5 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр.  Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша көрші облыстан  16 құрылыс компаниясының 180 құрылысшысы жұмылдырылған. Олар қазіргі таңда 43 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына қызу кіріскен.

Сонымен қатар, облыс әкімі Атырау облысына қарасты 1-сектордың жұмысымен танысты. Атыраулықтарға бөлінген  аймаққа 450 нысан қарайды. Батыстық 9 компаниядан 200-ге жуық жұмысшы жөндеу жұмыстарын екпінмен жүргізуде. Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарын уақытында сапалы етіп аяқтау керектігін  жеткізді.


Тәуекелмен басталған бизнес
Алма бауы жайқалып тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу