Ел саулығын көздейтін жобалар қорғалды

Oinet.kz 20-07-2019 571

Screenshot_24.jpg

Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысындағы  филиалында осы аптада қайта даярлау курсын тәмамдаған тыңдаушылар өңipдiң дамуына бағытталған бірқатар жобаларын қорғаған еді.  

Жастардың жобалары  мамандарды қызықтырып қойды. Мәселен  "Ана – алтын қазына" әлеуметтік жобасы : облыстағы ана мен бала денсаулығы көрсеткіштерін жақсартуды көздейді.  «Түркістан облысының жүкті әйелдерi мен бала күтімі демалысындағы сәбилі аналардың медициналық-әлеуметтік орталығын құру және әйелдерге көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық және практикалық қызметтердiң жоғарғы санатын қалыптастыруды мақсат тұттым» дейді жоба авторы. Жоба бойынша дені сау, әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында аталған топтардағы аналарға заманауи тренингтер өткiзiп, аналардың жан-жақты сауатын ашу, білімін жетілдіру де жоспарланған.  

    Жиында ел саулығын түзетуді көздейтін тағы бір жоба қорғалды.   "Мейірімді шипа" деп аталатын жоба  церебралды сал  ауруына шалдыққан балаларға арналған жылқы терапиясын дамытуды мақсат тұтқан.  Қазақстандағы балалар церебралды сал (ДЦП) ауруына шалдыққан балалар саны бойынша Түркістан облысының "үлесi" 20%-ды құрайды. Бұған қоса, Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға дәстүрлі емес тәсілдермен емдеу орталықтары жоқ десе болады. Жоба ауру балаларға жылқы терапиясын қолдана отырып, церебралды сал ауруынан айығуларына үлес қосуды мақсат тұтады, яғни мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу орталығын ашуды көздейді. Жылқы терапиясы (иппотерапия) церебалды сал ауруына шалдыққан балалардың аяғына нық тұрып кетуіне көмегін тигізеді деп күтiлуде.

     Аталмыш жобалар мақұлданса  Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысындағы  филиал мамандары авторларға барынша қолдау көрсететін болады. 


Қыста көшет егіп, көктемде өнім алған
Түркістанда ерекше мешіт салынуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу