Түркістанда ерекше мешіт салынуы мүмкін

Oinet.kz 20-07-2019 479

Screenshot_26.jpg

Мешіт –әлемнің кез келген елінде бар қасиетті орын. Жер бетіндегі ірі қалаларда мешіт құрылысының түрлі архитектурасы мен ерекше дизайнын кездестіруге болады. Таяуда екінші Мекке саналатын Түркістанда да ерекше мешіт болады. Қалаға келетін туристердiң санын арттыру үшiн шаhардың көрнекті орындарын көбейту мақсатында «Light mosque» (Айналы мешiт) мешіті салынуы мүмкін. Мұндай жоба жақында  Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысындағы  филиалында өткен  жиында қайта даярлау курсын тәмамдаған тыңдаушылар тарапынан ұсынылды. Жоба Түркістан облысы әкімшілігi, Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасымен қатар жеке кәсіпкерлердiң де қызығушылығын тудыруда.

Жоба авторының айтуынша облыс орталығында ерекше туристiк- мәдени объектісі (мешіт) салынған жағдайда   Түркістанға келетiн туристер санын 10 пайызға  артпақ. 

Айта кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап оқу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізген жаңа оқу орталығында 2019 жылы облыс әкімдігінің, Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Созақ, Бәйдібек аудандарының және аумақтық мемлекеттік органдарының жалпы саны 1000 астам қызметшін оқыту жоспарлануда.



Ел саулығын көздейтін жобалар қорғалды
Доп қуғандар сайысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу