Ауылдастары үшін аялдама салды

Oinet.kz 22-07-2019 618

Screenshot_4.jpg

Ауыл ұлтымыздың ұйытқысы, ал оның гүлденуі Тәуелсіз еліміздің әр бір жасампаз жасымыздың санасы мен сезіміне, білімі мен біліктілігіне және ынтымағы мен біліміне байланысты.

Ауылдың жағдайын көтеру алдыменен елдің жағдайын түзеу. Осы бағытта Түлкібас ауданына қарасты ауыл аймақтарға зор көңіл бөлініп, ілкімді істер қолға алынуда.

Тоғыз жолдың торабы еліміздің күре тамыры, Транс Сібір темір жолының бойында орналасқан ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық ірі округінің бірі саналатын Түлкібас кентінде жүзеге асқан игі істерде аз емес. Айтарлық, Жергілікті жердің тұрғыны көп балалалы ана Айымкүл Маткаримова өз отбасы атынан кент орталығынан 2 млн.теңге қаржыға заманауи тұрғыдағы аялдама салып берді. Осылайша қоғамдық көлік тосқан тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасап отыр.

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы бойынша ауылдастарына жақсылық жасап отырған Айымкүлге елдің айтар алғысы шексіз. Көп бала тәрбиелеп отырғанын қарамастан мемлекетке алақан жаймай, керісінше елдің жағдайын жасап отырған  осындай аналар көп болғай! 


Әркім кәсіпкер бола алады
Мектепке инфрақұрылым жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу