Мектепке инфрақұрылым жүргізілуде

Oinet.kz 22-07-2019 620

Screenshot_17.jpg

Шардара ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы 60 орындық бастауыш мектебі мен Әсем мөлтек ауданына инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. 

2019 жылға өтпелі және  құрылысы биыл басталған нысандардың  жұмыстары  бекітілген  кесте бойынша өз уақытымен жүріп жатыр.  Астана мен Әл-Фараби көшелерінде салынып жатқан 4 қабатты үйдің құрылыс жұмысы қазіргі таңда 30 пайызға орындалды. Техникалар мен жұмысшы  саны жеткілікті. 2018 жылы қос бірдей нысанға облыстық бюджеттен 80 млн теңге қаржы бөлініп игерілсе, осы жылға бөлінген қаржы бекітілген өндірістік кестеге сәйкес толығымен игерілуде. Құрылысы 2020 жылға өтпелі.

 Шардара аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ұлан Бейсенбиевтің айтуынша   ауданда тағы бір білім ошағыныңда құрылыс жұмысы қарқынды жүруде. Амангелді Иманов атындағы 300 орындық мектептің құрлысы былтырғы жылы басталған. Бұл нысан келер жылы пайдалануға беріледі.  Ал мұнай база ауылындағы Ыбырай Алтынсарин мектебі бірінші қыркүйекте оқушыларға есігін айқара ашуы тиіс.


Ауылдастары үшін аялдама салды
Бейнелеу әлеміндегі Отырар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу