Бейнелеу әлеміндегі Отырар

Oinet.kz 26-07-2019 907

Screenshot_1.jpg

Шыңғыс ханның қалың әскеріне 6 ай қасқайып тұрған Отырар қаласы бүгінде облыстағы экономикасы дамыған, әлеуеті зор өңірлердің бірі. Бұл өлкеде сонымен қатар өнерлі азаматтары мен де мақтана алады. 

Жақында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, Отырар аудандық әкімдігі облыстық бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен Отырар ауданының суретшілері Ә.Мәлік, А.Маликов, Ж.Мамытов және Қ.Қалыбековтың «Көне Отырар шұғыласы» атты шығармашылық көрмесі өтті. Көрме Орталығында ұсынылған туындылармен көрермендер 1 ай көлемінде танысуға мүмкіндік алды. Көрменің мақсаты көне Отырардың терең тарихын суретшілердің шығармашылығы арқылы қалың жұртшылыққа насихаттау, олардың өнерін бағалап, оңтүстік жұртшылығынсуретшілердің өнерімен таныстыру.

Мұнда  суретшілердің 60 кескіндеме, 12 графика, 18 ағаштан жасалған шығармашылық туындылары қойылды.

Атап айтқанда, Мәлік Әділхан Табылханұлының «Ежелгі Отырар ақындары», «Отырар хан сарайы», «Әбу Насыр кеңесі», «Отырардың зиялылары», «Отырар аруы», «Отырардағы шайқас», Маликов Алмаз Әділханұлының «Отырардағы би бала», «Көне Отырар өнерпаздары», «Алғашқы Отырарлық ұшқыш», «Отырар жәдігері», «Жеріңе ие бол», «Көне күмбез», Қайырхан Қалыбековтың «Алтын төбе», «Құмырашы», «Береке бастауы», «Наубайшылар», «Алтын қала», «Оқсыз қала», Жаңабек Мамытовтың ағаштан жасалған бұйымдары және т.б. шығармалары көрермендер назарына ұсынылды.

 Іс-шараға Түркістан облысы мен Шымкентқаласының тұрғындары мен қонақтары, зиялы қауым өкілдері, өнерге қызығушылар  қатысты.


Мектепке инфрақұрылым жүргізілуде
Канал суға толды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу