Ауыл тұрғындарымен кездесті

Oinet.kz 26-07-2019 714

Screenshot_13.jpg

Тау етегінде орналасқан табиғаты тұмса Қасқасу ауылдық округінде тындырымды тірлік көп. Таяуда аудан әкімі Б.Омарбеков пен округ тұрғындарының қатысуымен жиын өтті.

     Жұмысшы топ алдымен жеке кәсіпкер Дүйсебаев Көбейдің ағаш тілетін цехын, Жамбаев Жангелдінің үйіргелік жеріне еккен бақшасын, Ақынбеков Қасымбайдың атаулы әлеуметтік көмек алып, инкубаторда балапан өсіруін, «Атамекен» шаруа қожалығының сауынды биелер бағып, қымыз өндіріп отырған жұмысын көрді.  Ауылда отырып кәсіпті дөңгелетіп отырған тұрғындарға аудан басшысы барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Содан соң қасқасулықтармен өткен жиында жұмысшы топ бірқатар мәселелерді атап өтті.

Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Тұрғынбаев өз баяндамасында тұрғын үй соғу мақсатында тұрғындарға берілген 33 жер учаскелерінің қазіргі таңда бос жатқанын айтты. Сондай-ақ зерделеу жұмыстары бойынша Қасқасу ауылдық округіндегі 828 тұрғын үйдің 578-і үйіргелік жерлерін тиімді пайдаланып, көкөніс, картоп дақылдарын ексе, 250 үй жеміс-жидек ағаштары мен жоңышқа дақылдарын егіп пайдалануда. Ауылдық округке қарасты елді мекендердің ішкі арықтарының бүгінгі жағдайында Қасқасу елді мекенінде – 700 м, Жоғарғы Қасқасу елді мекенінде – 320 м, Кеңесарық елді мекенінде – 2600 м, Керегетас елді мекенінде – 500 метр тазалау жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді.

Баяндамашылар есебін аяқтаған соң аудан әкімі Б.Омарбеков тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкіміне Қасқасу ауылдық округіндегі тұрғын үй ретінде алынған, бірақ демалыс аймағы ретінде пайдаланып жатқан жерлер мен рұқсатсыз салынған үйлердің құжаттарын қайта рәсімдеуді, округ тұрғындарына ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану жолдарын түсіндіру мен мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыруды, елді мекендерде көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бар мүмкіндігі бар қасқасулықтарды жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Тұрғындар да өз тараптарынан округті дамытуға қатысты ойларын білдіріп, ашық талқылауға салды.


​Тәуелсіз журналистерге қауіп қайдан?
Кентаулықтар «Адалдық алаңын» қолдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу