Кентаулықтар «Адалдық алаңын» қолдайды

Oinet.kz 26-07-2019 584

Screenshot_14.jpg      

«Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңесінің ұйымдастыруымен Кентау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласы, сот және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қзыметі хабарлады. 

Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, сыбайлас жемқорлық факторларының орын алуына жол бермеу және қордаланған мәселелердің шешімін табуына көмек көрсету болып табылады. Жиын соңы қалалық әкімдіктің кіші мәжіліс залында қоғамдық қабылдаудың нәтижесі бойынша тиісті сала қызметкерлерінің қатысуымен қорытындыланды.

 Айта кетейік, «Түркістан адалдық алаңы» жобасы облыстағы мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып, сыбайластықтың алдын алу мақсатында қолға алынған. Адалдық алаңы төрт негізде жұмыс істейді. Алдымен отбасындағы зорлық зомбылықтың алдыналу бағытында тер төксе, кейін мемлекеттік қызметтің жақсаруына ат салысады.Сонымен қатар, қоғамдық бақылаудың жақсаруына жағдай жасайды. Сыбайлас жемқорлықпен күресті мақсат еткен әрбір азамат «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында өзінің ойларымен бөлісіп, белсенділік танытуына мүмкіндік бар.


Ауыл тұрғындарымен кездесті
Кентауда бетон зауыты іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу