Кентауда бетон зауыты іске қосылды

Oinet.kz 26-07-2019 672

Screenshot_1.jpg

«Кентау Түркістан облысының орталығына шекаралас жатқандықтан Түркістанмен бірге көркейетін қала. Сондықтан әрбір атқарылған жұмыс сапалы және жүйелі түрде атқарылуы керек». Кентау қаласына жасаған бір сапарында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев осылай дей келе, қарт Қаратау етегіндегі шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамыту керектігін, кәсіпорындарды көптеп ашу керектігін тілге тиек еткен болатын. 

Осы орайда  Кентау қаласында бетон өндіретін "Фахри СтройБетон" ЖШС-і іске қосылып, жұмысын бастады. Сүйінші хабарды Түркістан облысы әкімдігінің бспасөз қызметі жеткізді. Жаңа зауыт м150-м450 маркалы бетондарды өндіреді. Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт сағатына 3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқарлы. Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде. Кәсіпорында 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон-насос көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Серістестік басшылығы болашақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр.


Кентаулықтар «Адалдық алаңын» қолдайды
Кәсіпкерлерге жер конкурс арқылы беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу