Кәсіпкерлерге жер конкурс арқылы беріледі

Oinet.kz 26-07-2019 608

Screenshot_2.jpg

Кентау қаласы әкімдігінде қала әкімі Даурен Махажановтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мамандарының мәліметінше күн тәртібінде екі мәселе қаралған: алғашқысы  Кентау қаласы бойынша ауыл шаруашылығы саласында алдынғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жобалардың барысы туралы; екіншісі  пайдаланылмай жатқан, ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді анықтау және берілген жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу барысы туралы.

     Бірінші мәселе бойынша бөлім басшысы М.Юлдашев - Кентау қаласы бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша биылғы жылы атқарылатын басым жобалардың саны әр бағыттары бойынша 50 үміткерге жетіп отырғандығын атап, әрқайсысының жұмыс барысын баяндады. Екінші мәселе бойынша бөлім басшысы А.Баубек мәлімет берді. Енді кәсіпкерлікке жер алуға конкурсқа қатысушы тұрғындар ай сайын қатыса алады. Бұл қала әкімінің тапсырмасы. Себебі бұдан былай кәсіпкерлікке берілетін жер конкурсы әр айда ашықты түрде өткізіледі. Өткен аптада алғашқы өткен конкурстың нәтижесін баяндап, тиісті тапсырмалар алды.

  Жиын соңында қала басшысы салаға жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар беріп, уақытылы орындалуын талап етті. 


Кентауда бетон зауыты іске қосылды
Спорт нысандары көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу