«Самұрық-Қазынаның» Түркістанға тартуы

Oinet.kz 30-07-2019 614

Screenshot_8.jpg 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Түркістан қаласында 5 бірдей нысанның құрысылын жүргізуде. Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жақында киелі шаһарға ат басын бұрып, аталған нысандардың құрылысын бағамдап қайтты. Солардың бірі оқушылар сарайы. Жасөспірімдерге аса қажетті нысан  2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

 Құрылысқа 100 адам қамтылмақ. Сонымен бірге әл-ауқат қоры 7000 орынға шақталған орталық стадионға да жауапты. Стадионның аумағы – 8,3 га. УЕФА талаптарына жауап беретін нысан келер жылы ел игіліне тапсырылады.

Облыс орталығында бойкөтеріп жатқан ғимараттарды аралаған Ахметжан Есімов конгресс-холл менамфитеатр және Қ.А.Ясауи музейініңқұрылыс жұмыстарымен де танысты. Аумағы 3200 шаршы метр болатын музейді «Самұрық-Қазына» компаниясының тапсырысымен «Базис-А» компаниясы жүргізуде. Ол келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Жалпы биыл наурыз айында құрылысы басталған нысандар 2020 жылы салынып, салтанатты ашылу рәсімі өтеді деп жоспарланған. Ахметжан Есімов құрылысшылар мен басшыларына ғимараттарды сапалы әрі уақтылы елге тапсыру керектігін айтты.Алдағы уақытта да бұл нысандардың құрылысы қадағалауда болады.

 


Көшелерге «жан бітті»
Ауылдастарына диагностикалық орталық салып беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу