Таза қала - әсем қала!

Oinet.kz 30-07-2019 679

Screenshot_10.jpg

Қоғамдағы тәртіп тазалықтан басталады. Осы қағиданы ескерген шардаралықтар қаланың әсемдігіне үлес қосу үшін жаппай сенбілікке шықты. 

 -Шардарада тазалық мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Кешегі апта соңында мекеме қызмкеткерлері мен қала тұрғындары жаппай сенбілікке шығып, өздеріне тиесілі аумақты тазартып шықты. Қала әкімдігінің берген мәліметіне сәйкес 28 мекеме қызметкерлері мен тұрғындар, барлығы 1000-ға тарта азамат көше бойларын қоқыстан тазартып, дарақтардың түбін ақтаумен айналысты. Сенбілік жұмысына 4 техника жұмылдырылып, 24 көше және 3 шақырым келетін суағаралардан жиналған 20 тоннаға жуық қоқысты қала сыртына тасымалдады. Тазалық жұмыстарына ауылдық округтер де тартылды.

Сенбілік жұмысы алдағы уақытта да жалғасын тауып, мекеме қызметкерлері, тұрғындармен қатар сауда нысандарының иелері де жұмылдырылады,-деп хабарлады шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осындай сенбілік Мақтаарал ауданында да өтіп, оған бюджеттік  және жекеменшік мекеме қызметкерлері бір кісідей қатысты.   Аудан әкімі Бақыт Насырханұлының бастамасымен өткен аудандық сенбілікке 5 мыңнан астам адам қатысып, 410 тонна күл-қоқыс шығарылды. Мұндай шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.  


Ауылдастарына диагностикалық орталық салып беруде
Әмір Аралбаев: «Мен тек соғыста өлемін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу