Мамин ерте мақтанып қойған жоқ па?

Oinet.kz 11-08-2020 1186

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру барысы қаралды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Денсаулық сақтау министрі А. Цой 10 күн ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясының репродуктивтілігінің орташа көрсеткіші 0,92-ден 0,82-ге дейін төмендегенін баяндады. Сауығып шыққан адамдардың үлесі 73,6 пайызды құрайды, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Төсек орындарының жүктемесі 61 пайызға, жедел жәрдем шақыру көлемі 62 пайызға төмендеді. 

- Жалпы алғанда, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп жатыр, —  деп А. Мамин, Денсаулық сақтау министрлігіне қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді тапсырды.

Яғни, енді Үкімет отставкіге кетпейді деген сөз. Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың  ұсынған локдаунынан бір нәтиже бар. Коронавирус жұқтыру жайттары күн санап азайып жатыр. Алайда дәл қазір үкіметке тоқмейілсуден гөрі өткеннен сабақ алу тиімдірек.

Естеріңізде болса, мамырдың басында президент Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстандағы коронавирусқа қаытсты эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтала бастағанын, Қазақстанның індетті мейілінше аз шығынмен еңсергенін, аурудың  шарықтау шегінен өткенімізді хабарлаған болатын. Осыдан кейін елде төтенше жағдай режимі алынды. Арада бір жарым ай өтісімен елде індет күрт өршіп, коронавирустан, «белгісіз пневмониядан» өлгендердің саны көбейді. Ауруханада орын жоқ, дәріханада дәрі жоқ.  Мұның соңы коронавирустан қайтыс болғандарды ұлттық аза тұтумен  жалғасқаны әлі ұмытылған жоқ. Күні ертең карантин режимін жұмсартудан кейінгі жағдай қалай болады? Жалпы соңғы жарты айдың көлемінде әлемде COVID-19 індеті бұрын-соңды болып көрмеген қарқынмен таралуда. Жұмсартамыз де індетті жүгенсіз жіберіп алмаймыз ба?   

Сондықтан Маминге мақтануға әлі ертерек сияқты. 

Соңғы мәліметтерге қарағанда, қазақстанда корорнвирус індетін жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты. Ал әлемде COVID-19 індетін жұқтырғанлардың саны 20 миллионға жетіп отыр.

«Жоғалып кеткен» Иманқұлов жаңа қызметке тағайындалады
Шөкеев пен Әйтенов ортадан жоғары, ал Әбдіқалықова ортадан төмен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу