«Жоғалып кеткен» Иманқұлов жаңа қызметке тағайындалады

Oinet.kz 07-08-2020 1484

Screenshot_3.jpg

Соңғы жаңалықтарға қарағанда, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы қызметіне Нұрбақыт Иманқұлов тағайындалғалы жатыр. Дәлірегі басқарма басшысы болудан үміткер барлық конкурстардан, әңгімелесуден сәтті өткен. Енді бар мәселе  Шөкеевтің өкім беруіне ғана тіреліп тұр.

Нұрбақыт Иманқұлов дегенді жұртшылық оның уақтысында облыс әкімі болған бір азаматтың күйеу баласы екендігін көбірек айтады. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданына әкімі қызметін атқарған. Содан кейін «жоғалып кеткен» Иманқұлов шенеуніктің карьерасына қайта оралды. Кәсіпкерлік және сауда басқармасы облыс әкімдігіндегі ең маңызды құрылымдардың бірі саналады. Жаңа басшы бұл саланы қаншалықты өрге сүйреп кете алар екен? 

Айта кетейік, аталған басқарманың бұрынғы басшысы Нұрлан Байғұт Түлкібас ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.

Шөкекевтің арманы немесе Арман Жетпісбаев оның бірінші орынбасары бола ма?
Мамин ерте мақтанып қойған жоқ па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу