Мәжіліс мінез көрсетті. Депутаттар Маминнің премьер болуын қолдамады

Oinet.kz 15-01-2021

OINET.KZ - Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. 

Screenshot_3.jpg

Дегенмен Асқар Маминнің кандидатурасын Мәжіліс депутаттарының біразы қолдаған жоқ. Дәлірегі 21 депутат дауыс беру кезінде қалыс қалды. Жалпы 99 халық қалаулысының 78-і қолдады. Жаңа премьердің кандидатурасын нұқыл нұротандықтардың жақтағанында күмән жоқ. Ал қалыс қалғандар - "Ақжол" мен "Халық" партиялары болуы мүмкін. Ұсынылған кандидатураны  талқылау кезінде Қазақстанның Халық партиясының фракциясы Президенттің ұсынысы бойынша қалыс қалатындарын мәлімдеген болатын. 

Осылайша президенттің А.Маминді Үкімет басшысы етіп тағайындау туралы ұсынысына Мәжіліс басым дауыспен келісім берді. Бірақ бәрібір де  шешім әдеттегідей бірауыздан қабылданған жоқ.

Дариғаға Мәжілістен ешқандай қызмет бұйырмай қалды
Депутат Қоңыров Президенттің алдында Маминнің жұмысын қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×