Депутат Қоңыров Президенттің алдында Маминнің жұмысын қатаң сынға алды

Oinet.kz 15-01-2021

Қазақстан Халық партиясының фракциясы елдің премьер-министрі қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын қолдамады және дауыс беру кезінде қалыс қалуға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Oinet.kz.

b7c2ba07fc89a69fee8cf9a3bf081cae_resize_w_830_h_465.jpg

Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен Мәжіліс отырысы кезінде партия жетекшісі Айқын Қоңыров Қасым-Жомарт Тоқаевқа Маминнің кандидатурасына қатысты ойын білдірді.

- Қазақстан Халық партиясының фракциясы сіздің министрлер кабинетін сақтау туралы шешіміңізді түсінеді. Сіздің шешіміңіз Үкіметте тұрақтылықты сақтай отырып Премьер-министрге дағдарысқа қарсы жұмыстарды жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік беру ниетінен туындайды. Президент мырза, сіз бірінші Жолдауыңызда «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы туралы айтқан едіңіз. Сіздің бұл бастамаңызды халық қолдады. Бірақ көп өтпей сайлаушылармен кездесу барысында шағымдарын тыңдадық. Олар Үкімет және жергілікті атқару органдары өз жұмыстарына формалды түрде салғырт қарайтындарын айтты. Министрлер мен кей әкімдер есеп үшін сан қуалап халықтан алыстап кетті. Бұл түсінбестікке алып келеді. Тіпті кей жағдайда халықтың ашу-ызасының артуына апарады.

Президент мырза! Бүгінгі таңда Қазақстан халық партиясының фракциясы, өкінішке қарай, сіздің Мамин Асқар Ұзақпайұлын премьер-министр ретінде қалдыру туралы ұсынысыңызды қолдай алмайды және дауыс беруден қалыс қалады, - деді Айқын Қоңыров.  

Айта кетейік, Асқар Маминнің кандидатурасын 78 депутат қолдады. Залда 99 депутат болды. 21 депутат қалыс қалды.

Мәжіліс мінез көрсетті. Депутаттар Маминнің премьер болуын қолдамады
«Өтті дәурен осылай». "Аса ауыр салмақтағы" мәжіліс қайда кетті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×