«Қасымдағы бала қайтыс болды»: Алматыдағы өрт шыққан хостелде тұрған жігіт оқиғаны баяндады

Oinet.kz 30-11-2023 2668

Алмадығы хостелдердің бірінде өрт шықты. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Хостелде тұрған Арсен Асаубеков оқиға қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Арсен - студент, қазіргі таңда Қостанай қаласында оқып жатыр. 13 желтоқсанда басталатын емтиханға дейін осында болуды жоспарлаған.

"Негізі таңғы 4-5-те ұйықтап қалатынбыз. Бүгін одан ертерек 2-де ұйықтадық. Құлап қалған екенмін, мені оятты. Артымыздан итеріп, еңкейіп далаға шықтық. Дәліз түгелдей жанып жатты. Қатты шошып кеттім, не болғанын білмедім. Бір бөлмеде 5-6 адам болдық. Қасымдағы 15 жастағы бала қайтыс болды",- деді ол.

Оның айтуынша, барлық құжаты телефонда қалған.

"2-3 күн ішінде біз матрастарды төменге түсіруге көмектестік. 15-16 бөлмеде матрастар болған. Солар жанып кеткен сияқты, нақты білмеймін. Біз 0-қабатта болдық. 0-қабатқа түскенде сол жақта ас үй, 1-бөлме және холл, 2-бөлмеде мен тұрдым. Одан кейін шығатын дәліз еді. Арғы жағындағы басқа бөлмеде де адамдар болды. Бірақ оларға шығуға мүмкіндік болмады. Мені оятқан бойда бірден далаға шықтым. Қолымда ештеңе болмады. Ішкиіммен атып шыққан едім. Киімдерді осы жақтағылар берді. Құжаттарымның бәрі телефонда еді. Телефоным іште қалды", - деді ол.

Бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. 

Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар, қалалық ТЖД өкілдері министрі Сырым Шәріпханов Алматыда өрт шыққан хостелге келе жатқанын мәлімдеді. 

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.

Хостелде тұрған Қаймұрат Шаңшаң оқиға туралы айтып берді. Хостел әкімшілігі де өртке қатысты ақпарат берді.

"Әкімшілікте барлық ақпарат бар. Кім тұрды, қайда тұрды. Мұнда студенттер мен жастар тұрды. 25 жасқа дейінгілер тұрды. 0-қабатта тоққа қатысты мәселелер болған", - деді олар.

Айта кетейік, өрт шыққан хостел аймағында тұрғындарға еріктілер көмектесіп жүр.

Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелдегі өртке қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендердің көбісі Қазақстан азаматтары, бір Өзбекстан азаматы, біреуі РФ-ден екенін, қалғанының құжаттары қаралып жатқанын айтты.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелден шыққан өрттің себептерін анықтау және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. 

Сауран ауданының әкімі тағайындалды
Түркістандағы Назарбаев ескерткішінің ендігі тағдыры не болмақ?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу