Оразада оқ атпауға шақырды

Oinet.kz 13-03-2024 533

Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа секторы мен Оңтүстік Судандағы қарулы қақтығысты тоқтатуға шақырып жатыр. Бірақ Қасиетті Рамазан айында кейбір мұсылман елдерінде тыныштық орнамайтын секілді. 

Screenshot_3.jpg

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, палестиналықтар қақтығысқа қарамастан оразаға дайындық жасап жатыр. Газадағы 2 миллион 200 мың тұрғын өмірге қауіп, аштық және індет жағдайында Рамазан айын қарсы алмақ. Үкімет тарапынан көшелерді безендіру биыл мүлде қолға алынған жоқ. Соғыс жағдайында өмір сүріп жатқан ел тұрғындары көптеген жақындарынан айырылып, көңілі құлазып жүр. Мысалы, Оңтүстік Суданда 25 миллион адам басымен қайғы болып жүр. 8 миллионы босқынға айналған. Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы тым құрығанда Рамазан айында атысты тоқтатуға және ораза ұстағандарға мүмкіндік беруге шақырды. «Судандағы 2 әскери топтың арасындағы қақтығысқа жақында 1 жыл толады. Қасиетті Рамазан айына деген құрметпен барлық тарапты атысты тоқтатуға үндеймін. Рамазан құндылықтары салтанат құруға тиіс. 18 миллион судандық онсыз да аштан өлгелі жүр»,– деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш. Бұл олрайда Судандағы жауласушы қос тарап Біріккен Ұлттар Ұйымының үндеуіне құлақ асатынын мәлімдеді. Олардың нақты қандай іс-әрекетке баратынын уақыт көрсетеді. Ал сарапшылар Газа секторындағы қақтығыстың тоқтауы екіталай екенін айтады.

Хамас қозғалысы Израильді қасиетті Рамазан айы қарсаңында бітімге келе алмады деп айыптады. Қозғалыс жетекшісі Исмаил Ханияның айтуынша, Израиль тарапы халықаралық қауымдастықтар ұсынған келіссөздерді де қабылдамаған. Бұған дейін Израиль әскері ХАМАС Газадағы тұтқындарын босатқанымен шабуылды доғармайтынын мәлімдеген еді. Ал Хамас жасағы болса, ортақ мәмілеге келсек, келіссөздерді қайта өзгертуге қарсы еместігін айтады. «Біз келісімге қол жеткізудің бес қағидасын бекіттік. Ол алдымен Газадағы қақтығысты толық тоқтату, аймақтан барлық әскерді шығару, босқындарды ешқандай шартсыз үйіне қайтару. Бесіншісі, тұтқындармен алмасу бойынша ортақ мәмілеге келу. Израиль тарапы келісім берсе, бірден іске кірісуге дайынбыз», – деді ХАМАС қозғалысының жетекшісі Исмаил Хания.

Анклавтың денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан 31 мыңнан астам адам қаза тауып, 72 мыңнан аса адам жарақат алды. «7 қазаннан бері Израиль агрессиясының құрбандары саны 31 045-ке жетіп, 72 654 адам жарақат алды», – делінген хабарламада. Израильдің соққыларынан қаза тапқандардың 72 пайызы – әйелдер мен балалар. Ведомство хабарлағандай, соңғы тәуліктің ішінде Израиль армиясының сектордағы әрекеттерінен 85 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Сонымен бірге ел билігінің соңғы мәліметтері бойынша, Израильде 1,2 мыңға жуық адам қаза тапты, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, әскерилер, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар және 5 мыңнан астам адам жараланған.

Техаста тарихтағы ең ірі өрт болып жатыр
Ердоған: Бұл менің соңғы сайлауым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу