Ұлыжұрт атанған шатқал

Oinet.kz 28-04-2024 228

Тау туризмін  ұнататындар Төлеби ауданындағы Біркөлік және  «Ақ мешіт» шатқалдарына жиі ат басын бұрады. Ақмешіт шатқалы (сондай-ақ Ұлыжұрт шатқалы ретінде танымал) белгілі Біркөлік шатқалына жақын жерде орналасқан және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябақтың бір бөлігі болып табылады. 

Аңыз бен ақиқатқа толы Ақ мешіттің сұлулығы көз тартады. Мұнда жартастардан арқырап ағып жатқан сарқымалар бар. Ең үлкен сарқыраманың  биіктігі 30 метр, ал ең үлкен сарқырама құйылатын жердің тереңдігі 2 метр.  Ақмешіт аймағындағы шипажайлар мен демалыс үйлері көктем, жаз және күз айларында демалушылардан бір босамайды.

image.png

Туризмді дамытуда Біркөлік-Ақмешіт шатқалдарына бас жоспар жасалып, туристік нысандарға баратын жол торабына жол сілтегіштер және әжетханалар қойылған. Сондай-ақ мұнда көлікпен жету де қиындық тудырмайды. Сапалы инфрақұрылым жүргізілген. Көп қаржыны және ұзақ мерзімді талап етпейтін 1, 2, 3 күндік туристік маршруттар және өңірдің басты туристік нысандарын қамтитын 3, 5 күндік екі туристік маршрут әзірленген.

image.png

Біркөлік шатқалдары құпияға толы
Ақ мешіттің «сұлуы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу