Ақ мешіттің «сұлуы»

Oinet.kz 29-04-2024 219

image.png

Төлеби ауданындағы Ақ мешіт шатқалы бүгінде ауданның туризм саласының дамуына өзіндік үлесін қосып отырған өлкенің бірі.  Мұнда көптеген замануи демалыс орындары туристерге жоғары, сапалы қызмет көрсетуде. Солардың бірі  Ақмешіт елді мекенінде заманауи "Таңсұлу" демалыс аймағы.  Құны 150 миллион теңгені құрайтын нысан 2019 жылы ашылған.

image.png

 Бүгінге дейін  мұнда қонақ үзілген емес. Күнінен шамамен 200-ге тарта демалушыларды қабылдай алады.  Келушілерге демалыс орны  таза табиғат аясында тынығуға мүмкіндік береді. 

image.png

 Таңы расымен де сұлу өлкеде орналасқан туристік нысанда жанға жайлы коттедждер, тапшандар, бассейн бар. Отбасылық демалысты қалайтындар үшін балаларға арналған ойын алаңшасы да салынған. Қызметкерлер мерекелік кешіңіздің әсем де, ұмытылмастай етіп ұйымдастырып береді.  Ресми жиындарды өткізуге де қолайлы жағдай жасалған.

Ұлыжұрт атанған шатқал
«Шипа бұлақта» шипалы әрі қызықты демаласыз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу