Украина Ресей аумағына шабуылдай алады - Ұлыбритания сыртқы істер министрі

Oinet.kz 04-05-2024 1134

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі, қазіргі сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Украина британ қаруымен Ресей аумағына соққы жасай алады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

"Украинаның солай істеуге құқығы бар. Ресей Украина аумағына соққы жасап жатыр, Украинаның өзін қорғағысы келетінін түсінуге болады", – деді Кэмерон Киевке сапары кезінде. 

Кэмерон, сонымен бірге, “Ұлыбритания Украинаны әрі қарай да қолдай береді” деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Лондон Киевке жыл сайын 3 миллиард фунт береді және бұл көмек "қанша уақыт қажет болса, соған дейін" жалғасады. 

Ол сонымен бірге Ұлыбритания қарумен қамтамасыз ету жағынан қолынан келгеннің бәрін істеген.

23 сәуірде Лондон Украинаға 617 млн доллар (500 млн фунт) көлемінде әскери көмек беретінін жариялаған. Бұл ел тарихындағы ең ірі көмек деп айтылады. Бұл қаражат Украинаға шұғыл қажет оқ-дәрі, әуе қорғанысы, дрон, инженерлік құралдарды жеткізуге жұмсалмақ.

Әскери пакет құрамында 1600-ден астам соққы жасайтын және зениттік ракеталар, оның ішінде шамамен 250 шақырымға дейін ұшатын қанатты ракеталардың жаңа партиясы да бар.

Бұған дейін Ресей билігі Украина қарулы күштеріне қару-жарақ беру "қызыл сызық" деп бірнеше рет айтқан, оның қиып өтетін болса жауап беріледі.

Дэвид Кэмерон 2005 жылдан 2016 жылға дейін Ұлыбританияның консервативті партиясының жетекшісі болды. 2010 жылдан 2016 жылға дейін ел премьер-министрі қызметін атқарды. 2014 жылы Кэмерон Ресейді қатты сынға алды. Ол сондай-ақ Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы үшін референдум өткізуді жақтады. Дауыс беруден кейін Кэмерон елді және консервативті партияны бөлді деп айыпталды. 2023 жылдың қарашасында премьер-министр Риши Сунак оны сыртқы істер министрлігінің басшысы етіп тағайындады.

Бұған дейін Ресей министрі Польша территориясына ядролық қару орналастырса, шабуыл жасауға дайын екенін айтқан еді. 

Біркөліктің етегі нағыз жұмақ мекені
Тоқаев Иран Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу