Путин тұтқындалған жоқ

Oinet.kz 04-09-2024 236

Ресей президенті Владимир Путин 2 қыркүйекте Моңғолияға ресми сапармен барды. «Буянт-Ухаа» халықаралық әуежайында Путин мен онымен бірге келген делегацияны Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг, Ресей Федерациясының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Евсиков және басқа ресми тұлғалар күтіп алған.

Screenshot_22.jpg

Сапар барысында президент Ухнаагийн Хурэлсух пен президент Владимир Путин ресми келіссөздер жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты, сондай-ақ екіжақты құжаттарға қол қою рәсіміне қатысты. Путиннің осы сапарын бүкіл әлем бақылап отырды. Себебі Моңғолия Халықаралық қылмыстық соттың мүшесі. Ал аталған соттың бұған дейін Путинді қамауға алуға ордер бергені белгілі. Моңғолия 2000 жылы Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутына қол қойған ел. Сондықтан ол аталған соттың талабын орындап, Путинді дереу тұтқындауын тиіс еді.   Алайда Моңғолия бұл талапты елеусіз қалдырды. 

- Моңғолия қылмыс жасады деп айыпталған азаматтың жауапкершіліктен қашып кетуіне жол берді. Сол арқылы әскери қылмыс жасады деген адамға көмектесті. Мұның салдары Ұлан-Батор үшін ауыр болады, - деп хабарлады Украинаның Сыртқы істер министрлігі. 

Еуропалық комиссияның баспасөз хатшысы Набила Массралидің айтуынша, Моңғолия басқа елдермен өз мүддесіне сәйкес қарым-қатынас жасауға құқығы бар. 

- Алайда Украинаның басып алған аудандарындағы балаларды заңсыз депортация жасағаны үшін  Халықаралық қылмыстық сот Путинді тұтқындау жөнінде ордер берген. Моңғолия 20002 жылдан бастап Халықаралық қылмыстық сотының Рим статутына қатысушы-мемлекет. Яғни, оның мойнында құқықтық міндеттемелер болды, - деп хабарлады баспасөз хатшы. 

Кейбір сарапшылар Моңғолияның Путинді тұтқындаған күннің өзінде оны Гаагаға жеткізе алмайтынын себебі ол теңізге шықпайтын, Ресей мен Қытайдың ортасында жатқан мемлекет екендігін алға тартуда. Ал кейбір сарапшылар Путин Моңғолия сапары арқылы Халықаралық қылмыстық сот актісінің түкке тұрғысыз екендігін бүкіл әлемге көрсетті деп отыр. 

Баға бақылауда
Түркістан қаласын дамыту мәселесі жан-жақты талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу