«Әйел бұл шешіміне өкінбейді»: 63 жыл бұрын жоғалған әйел аман-есен табылды

Oinet.kz 06-05-2025 267

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ВВС басылымына сілтем жасап.

Screenshot_1.jpg

82 жастағы Одри Бэкберг 1962 жылы 7 шілдеде Ридсбургтегі үйінен із-түзсіз жоғалып кетті. Висконсин штатының полициясы хабарлағандай, Бэкберг жоғалған кезде 20 жаста болған.

Сөйтсе ол үйден өз еркімен кетіп қалыпты. Ол басқа штатта тұрып жатыр.

Wisconsin Missing Persons Advocacy коммерциялық емес ұйымының мәліметі бойынша, Одри Бейкберг 15 жасында үйленген. Некеде екі баласы болған. Күйеуімен қарым-қатынасы нашар болып, жоғалып кетер алдында күйеуін сотқа берген екен. Яғни күйеуі оны ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытты деп мәлімдеген.

Әйел жоғалған күні өзі жұмыс істейтін жүн фабрикасынан жалақысын алуға кеткен. Одри балаларының күтушісімен бірге Висконсин штатының Мэдисон қаласына жол тартып, содан кейін Индианаполиске, Индианаға автобусқа отырды.

14 жасар бала күтуші қобалжып, үйіне қайтқысы келетінін айтты, ал Одри әрі қарай кеткен. Саук округі шерифінің кеңсесі тергеушілер жоғалған әйелді бірнеше жыл бойы белсенді түрде іздегенін айтты.

Олар биыл ескі файлдарды жан-жақты қарап шығып, генеалогиялық веб-сайтта жоғалған әйелдің әпкесінің аккаунтын тауып алыпты. Содан кейін істің мән-жайы белгілі болды дейді.

Одри Бейкберг бұл шешіміне өкінбейді.

Зеленский: Мәскеуден нақты жауап күтеміз
«Ең қатты, қатігез шараны қолданамыз! Шыдамымыз бітті!» - Трамп сұмдық тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу