«Өзін өртеп жіберген»: Әйелдерге қатысты жаңа заң қабылданды
Талибан билігі әйелдерге жаңа тыйым салды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ауғанстанда әйелдер бұдан былай күйеу жігіттен дәстүрлі неке сыйын талап ете алмайды.
Ауғанстандағы талибан билігі әйелдерге жаңа тыйым салды. Әйелдер енді мәһір талап ете алмайды. Ресми тыйымды ғұламалар кеңесі енгізді.
Мәһір — күйеу жігіттің некеге тұрған кезде қалыңдыққа беретін дәстүрлі сыйы. Әйелдер ақша, киім, зергерлік бұйым және басқа сыйлықтар талап ете алатын еді.
Жарлықты ислам нормаларын сақтауға жауапты министрлік кеңесі қабылдады. Құжатта әйелдер ер адамдардан тек үйлену тойында ғана емес, басқа мерекелерде де сыйлық сұрауына болмайтыны жазылған.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, бұл шешімге тұрғындардың бірі наразылық білдіру үшін өзін өртеп жіберген оқиға себеп болған. Осыдан кейін билік қандай жағдай болмасын жаңа ережелер қатаң сақталуы керек деп мәлімдеді.