Толассыз жауған жаңбырдан отыздан астам адам қаза тапты
Үндістанда су тасқынынан отыздан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қайғылы жағдайдан бас-аяғы 78 мың тұрғын зардап шеккен.
Ал жауын тоқтайтын емес, бірнеше күннен бері сіркіреп тұр. Халық тізеден су кешіп жүр. Кейбір жерде тасқын соңы лай көшкініне ұласты. Мыңдаған тұрғын жылы орнын тастап, бас сауғалап кетті.
Билік уақытша шатырлар құрып жатыр. «Бірақ олардан пайда жоқ, жаңбыр құйып тұр», - дейді тұрғындар. Жолдар жабылып, бір жарым мыңнан астам турист сырт әлемнен оқшауланып қалған.