Оқушы мектепте атыс шығарды: Он бір адам қаза тапты
Аустрияның Грац қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтер бойынша, 11 адам қаза болды, жарақат алғандардың саны белгісіз. Олардың көпшілігінің жағдайы ауыр. Жергілікті ақпарат құралдары оқ атқан адамның сол мектептің оқушысы екенін хабарлады. Білім алушы екі сыныпқа кіріп, оқ жаудырған. Куәгерлердің айтуынша, 20-ға жуық оқ атылған.
Шабуылдан кейін күдіктінің денесі мектеп дәретханасынан табылған. Ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Алдын ала болжам
Оқиға орнында полиция мен Cobra арнайы жасақтары жұмыс істеп жатыр. Мектеп толықтай қоршауға алынды, ғимарат ішін тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Австриядағы барлық ішкі саяси шаралар тоқтатылды. Ішкі істер министрі Герхард Карнер оқиға орнына шұғыл аттанды.
Билік азаматтарды арнайы операция жүріп жатқан аймаққа жақындамауды сұрайды. Мұғалімдердің бірінің күйеуінің айтуынша, әйелі бірнеше оқ естіген соң оқушылармен бірге сыныпта жасырынған. Қашып үлгерген оқушылардың ата-аналарына балаларымен кездесуге рұқсат берілді. Жараланған мектеп оқушыларына медициналық көмек көрсетіліп жатыр.