Түркияда орман өртіне байланысты қамауға алынғандар саны 40-қа жақындады

Oinet.kz 29-07-2025 50

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған биылғы жаз маусымындағы орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 40-қа жуық адамның қамауға алынғанын хабарлады, деп хабрлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Бұл туралы ол Министрлер кабинеті отырысының қорытындысында халыққа арнаған жолдауында айтты.

Ердоған биылғы жылы елдегі орман өрттерінің 96 пайызының адамдардың кесірінен болғанын айтып, абайсызда лақтырылған темекі тұқылдары, толық сөндірілмеген жалын, тіпті линза рөлін атқарған әйнек сынықтары сияқты факторларды атады.

1 маусымнан бері барлығы 149 адам ұсталды, оның 38-і қамауға алынып, 61-і сот бақылауында. Ұсталғандардың бірі елдегі халқы ең көп төртінші қала болып табылатын Бурса маңындағы өртке қатысы бар деген күдікке ілінген.

Ердоған Түркияның орман өрттерімен белсенді күресіп жатқанын да баса айтты. Оның айтуынша, 2020-2024 жылдар аралығында Түркия Испания, Италия, Грекия, Португалия, АҚШ және Канадаға қарағанда азырақ орманды жоғалтқан. Сондай-ақ Түркия барлық Жерорта теңізі елдері арасында арнайы өрт сөндіру ұшақтарының саны бойынша көшбасшы болып табылады.

Ел бойынша 27 өрт сөндіру ұшағы, 105 тікұшақ, 6 мыңға жуық жерүсті техникасы және 25 мыңға жуық кәсіби өрт сөндіруші жұмылдырылды. Маусым айының соңынан бері Түркияда орман өртінен қаза тапқандар саны 17-ге жетті.

Үндістан ғарышқа адам тәрізді робот жібередіred-b2ce69/
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу