Нобель сыйлығын алғаш иеленген әйел кім?

Oinet.kz 06-08-2020 1769

Ғылыми жаңалықтар мен ашылулар жайлы сөз болса, ер адамдардың негізін қалағаны көп айтылады. Дегенмен, әйелдердің қатарынан адамзат өмірін өзгертуге үлес қосқан ғалымдар баршылық. 

image.png

                                                                                                                   Мария Кюри зертханада

Мария Кюри – үлкен тәжірибелерде есімі аталатын ғылымда ыпалды  әйелдің бірі. Мария 1867 жылы Варшавада дүниеге келген. Парижге24 жасында көшіп, математика мен физика бойынша оқуды жалғастыруға мүмкіндік алды. Парижде физик Пьер Кюримен танысып,отбасын құрады. 

Пьер және Мария Кюри уран кенінен бөлінген уран қалдықтары таза уранға қарағанда әлдеқайда радиоактивті екенін анықтаған. Екі ғалым бірнеше жылдық тәжірибеден кейін осы қалдықтардан екі өте радиоактивті элемент бөліп алады. Олар: полоний және радий. 

Францияның ғылым Академиясында 1898 жылы 26 желтоқсанда Кюри радий элементін ашқаны туралы алғаш рет хабарлайды. Ал, 1902 жылы Кюри мен Андре Дебьерн сынап катодындағы радий хлоридін электролиздеп, кейін оны сутегінде дистилляциялау арқылы таза радий бөліп шығарады. Қазір белгілі болғандай, бұл бөлінген элемент – уран-238 ыдырауынан пайда болған радий-226 изотобы. 

image.png

                                                                                                                                    Мария Кюри жары және қызымен

Полоний мен радийді ашқан үшін ерлі-зайыпты Кюри Нобель сыйлығын иеленеді. ХХ ғасырдың басында таза радий алу көп еңбекті қажет ететін. Мария Кюри кішкентай таза радий алу үшін 12 жыл еңбек еткен. Мысалы, 1 грамм таза радий алу үшін бірнеше вагон уран кені, 100 вагон көмір, 100 цистерна су мен 5 вагон әртүрлі химиялық зат керек.

Мария мен оның күйеуі Пьер Кюри арасындағы махаббат Радиоактивтілік» ғылыми-романтикалық фильмінде  көрініс табады. «Бұл фильм – ерекше әйелдің стандарттан тыс өмірбаянымен картиналанады. Ол радиоактивтіліктің ашылуы мен осы жаңалық ашылуының әлем тарихына тигізген әсері және цинизм жөнінде ой қозғайды» – дейді режиссер Сатрапи.  

image.png

                                                                                                                                                           Мария қыздарымен бірге

Мария 1897 жылы докторлық диссертациясы үшін  рентген сәулелеріне ұқсас және бір жыл бұрын ашылған сәуленің жаңа түрін зерттей бастады. Пьер мен оның ағасы жасаған электрометр деп аталатын құрылғыны қолдана отырып, Мари торий мен уран шығаратын жұмбақ сәулелерді өлшеді. Элементтердің минералогиялық құрамына қарамастан (біреуі сары Кристалл, екіншісі — қара ұнтақ) сәулелену қарқындылығы тек элементтің санына байланысты өзгерді.

Мария Кюри Сорбонна университетінің алғашқы әйел оқытушысы. Тарихтағы алғашқы Нобель сыйлығын иеленген әйел және Нобель премиясын екі рет алған тұңғыш нәзік жанды ғалым. Париж медицина академиясына мүше болған  тұңғыш әйел. 

Марияның қанатты сөздерін назарыңызға ұсынамыз:  

  • Адамның қандай екеніне емес, идеяңыздың қандай екеніне қызығушылығыңызды арнаңыз!

  • Өмірде қорқатын ештеңе жоқ. Маңызды нәрселерді түсінуге батыл болыңыз!

  • Біздің әрқайсымыз адамзат өмірі үшін жауапкершілікті сезініп,тұлғалық тұғырда жұмыс істеуге міндеттіміз.

  • Ғылым –  адамзаттың өмірін жеңілдетіп,  азабын азайтатын кез келген прогрестің негізі болып табылады.



Бесіктің шығу тарихын білесіз бе!?
Танымал автордың махаббат хикаясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу