Танымал автордың махаббат хикаясы

Oinet.kz 06-08-2020

«Love is.....» сағызының жапсырмасында бейнеленген жұпты бар әлем біледі.  Аққұба қыз және оның сүйіктісі екеуі «махаббат деген не?» деген идеяның төңірегіндегі пікірлерімен танымал. Осы суреттің авторы жайлы еш ойламаған шығарсыз... Жаңа зеландиялық мультипликатор суретші Ким Гроув ойлап тапқан бұл сурет талайдың көңіл патшалығын жаулап алған.

image.png

"Love is..."  комиксінің прототиптері Ким мен Роберто

Автор 19 жасында дүние жүзіне саяхат жасауға бекіннеді.  Сапарында Калифорнияға жеткенде,  итальяндық Роберто Касалимен кездесті. Бақытты махаббат хикаясын бастаған Ким сапарын аяқтап, өз «әлемін» табады. 

Сүйкімді ғашығының өмірі туралы алғашқы эскизді Ким майлықтарға салып Робертоның  портфолиосына салды. Автор сүйіктісіне өз сезімі мен эмоциясы жеткізуді қалады. Бірақ, ол көптеген жүректің сөзі еді...

image.png

 Комикстегі кейіпкерлердің прототипін  білу оңай: қыз аққұба, есімі R әрпінен басталған брюнет(1971 жылғы комикстерің бірінде жағалау құмына R әріпін қыз кейіпкер таяқпен жазады). 

Ғашықтар Кимнің отанына – Жаңа Зеландияға көшіп, сол жерде үйленді. Сол кезде той комикстерде бейнеленеді: кейіпкерлер Ким мен Роберто сияқты киімдерде болады. Түймедақтар мен гүл шоқтары қалыңдыққа өте жақын болды. 

Кимнің әкесі тым ерте қайтыс болған екен. Сонықтан тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған Робертоға « Қандай жағдай болса да ұзақ өмір сүрші» деп тілегін жеткізеді. Роберто да жысиып, келіскен сыңай танытады. 

image.png

Көп ұзамай комикстеролардың жеке мұрағатында ғана сақталатын дүние болуын тоқтатты . Роберто суреттерді «Los Angeles Times»-те 1970 жылы 5 қаңтарда басып шығаруға келісім алды.  Содан кейін Love is... әңгімелері сағыз жапсырмаларында, футболкаларда, плакаттарда және басқа да кәдесый өнімдерінде бейнеленді. 

image.png

Өмірегі Роберто мен Ким сияқты комикс кейіпкерлерінің балалары болды. Рас, суреттегі балалар ұл мен қызеді. Ким отбасы 1971 жылы Англияға көшкен кезде Стефано мен Дарионың ұлдарын дүниеге әкелді. "Love is ..." картиналарының даңқы артты.  Роберто Кимнің іс басқарушысы болды. Ол үшін Minikim корпорациясы құрылды.

Комиксте жануарлар да бар! Кей суреттерде Самсон есімді ит бейнеленеді. Бір суретте Фидо есімді қабірді көреміз.  Шамасы, бұл ерлі-зайыптылардың итіне арналған қабір. 

image.png

Бірақ, 1975 жылы Робертоға қатерлі ісік диагнозы қойылады.  Автордың жұбайы қайтыс болған соң, комикстерде гүл шоғын ұстап тұрған қыз бейнесі жалғыс салынды. Бұл Ким салған комикстардың ең соңғысы болатын... Роберто Касали 1976 жылы 31 жасында қайтыс болды, ал комикстерде тек қыз Ким мен қабір тас қалды.

Ким ешқашан өзін нағыз суретші деп санамаған. 1981 жылғы сұхбаттардың бірінде ол: "Егер менің таңдауым болса, мен романтикалық әндердің авторы болар едім. Махаббат әндері маған терең әсер етеді ... Мен әдемі өлең жаза алмаймын, сондықтан өз сезімімді суретпен жеткіздім " деген екен.

"Love is ..." дастанының кейіпкерлері қарым -қатынастың әртүрлі кезеңдерінен өтеді: танысу, отбасын құру,кейіпкерлердің қайтыс болуы. Ким 55 жасында бауыр қатерлі ісігінен қайтыс болды. Үлкен ұлы Стефано отбасылық бизнесті жалғастырды. Автордың қазасынан соң, Билл Эспри  (келісім шарты бойынша) "Love is..." әңгімелерін бояйды


Нобель сыйлығын алғаш иеленген әйел кім?
Фемицид деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×