«Анам үшін үшінші жақын адамға айналған жан менің әкем Мұхтар Әуезов»

Oinet.kz 12-07-2020 572

image.png

Мұрат Әуезов:

Қазақта "Құдайдың көзі тура болсын" деген қасиетті тілек бар. Егер Тәңірім бір адамның басына жетерлік қиындықты үйіп-төгіп берсе, оның жемісін көруге де сараңдық танытпаған шығар. Бұл біздің ешкімге ұқсамайтын тағдырымыз шығар деймін. Анамның алғашқы күйеуі Біләл Сүлеев Алаш Орданың көсемдерінің бірі болды, Ілияс Жансүгіров қазақтың талантты ақыны. Анам үшін үшінші жақын адамға айналған жан менің әкем Мұхтар Әуезов. Біләл Сүлеев 1930 жылы тұтқындалып, елде тұру құқынан айырылды. 1937 жылы атылды. Ілияс Біләлдің артында қалған перзенттерін көзінің қарашығындай қорғады.

1938 жылы Ілиястан айырылған отбасы қуғын-сүргіннің ащы дәмін татты. Сол кезде көмекке әкем келді. Біләл Сүлеевтен туған бауырым - Азат Сүлеев Мәскеу университетін тамамдап, филолог, түрколог болды. 1949 жылы жылымықтың лебі сезіле қоймаған кезде қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың балалары Мәскеуде оқиды деген ой тек тәтті арман еді. Ильфа жоғары оқу орнында неміс тілі пәнінен дәріс берді. Болат тамаша киносценарист, философ болса, Үміт білікті дәрігерлердің қатарын толықтырды.

Р.S. Суретте Мұрат Әуезов әкесі Мұхтармен

Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан

«Шындықтан ешқайда қашып құтыла алмайсың»
Қадыр мен Бердібек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу