«Шындықтан ешқайда қашып құтыла алмайсың»

Oinet.kz 12-07-2020 671

image.png

Жазушы Сафуан Шаймерденовтің ой-толғамынан:

Өз заманынан ұлттық санадан озық туған Абайға, Біржанға, Ақанға, Ахметке, Жүсіпбекке, Мағжанға не көрсетпеді бұл қазақ. "Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын", – деп Абай зарлап өткен жоқ па? Бұл зиялылардың да, халықтың да трагедиясы.

Халқымыз екі жақты езгіде болды. Россияның екі басты самұрығы шеңгелімен бір жағынан сығымдаса, екінші жағынан ұлт-азаттық көтерілісімізді өз ішіміздегі "бесінші колонна" тұншықтырды. Ал 37-жылғы зобалаңда басқаны былай қойғанда, рушылдықтың, мансапқорлықтың ізі сайрап жатыр.

Мен, мәселен, Сәкеннің жолдасы Гүлбаһрам, Бейімбеттің жолдасы Күлжамал, Ілиястың жолдасы Фатима апалармен әңгімелескен адаммын. Үшеуін де күйеулері ұсталғаннан кейін үйлерінен қуып шыққан бір-ақ адам – қазіргі академик.

1961 жылы Жазушылар одағында болған жиналыста Гүлбаһрам да, Фатима да осыны дүйім жұрттың көзінше айтқан. Шындықтан ешқайда қашып құтыла алмайсың, одан жасырына да алмайсың. Ең абзалы – арың таза болсын.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Думан Рамазан. «Шыңғысхан кім?»
«Анам үшін үшінші жақын адамға айналған жан менің әкем Мұхтар Әуезов»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу