Сиырдың бүйрегі (қисса)

Oinet.kz 18-01-2019 1886

сиыр.jpg

Ұлық Алла барлық жан-жануарларды жаратып, оларға бүйрек үлестіріпті. Жайбасар сиыр кешігіп, соңынан келеді. Келсе бүйрек қалмапты. Сиыр:

– Бүйрексіз қайтіп күн көремін! – деп, өкіріп жылайды. Сиырдың көз жасын көрген басқа жануарлар оған жаны ашып, қарап тұрады. Сиыр:

– Бүйректерің бар ғой, бөліссеңдерші, – депті. Оған жаны ашыған жылқы, түйе, қой т.б. жануарлар сиырға өз бүйректерінен аз-аздан бөліп береді. Сиырдың бүйрегі сондықтан да бұжыр-бұжыр, біркелкі емес. Сиырдың қилы-қилы мінездері осы қырық құрау бүйрегіне байланысты екен.

«Отбасы хрестоматиясы»

Адамның алғаш етті пісіріп жеуі (қисса)
Ит, жылқы, қыран адамға не үшін дос болды? (қисса)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу