Ит, жылқы, қыран адамға не үшін дос болды? (қисса)

Oinet.kz 18-01-2019 815

image.png

Адам ата, Хауа ана, Ібіліс, тауыс және жылан жұмақтан қуылады. Адам ата Үндістандағы Сарандиб тауына, Хауа ана Арабиядағы Жиддә тауына түсті. Ібілісті Басраға түсіреді. Иракта бүлік оқиғалар көп болатыны содан екен. Жылан Исфаханға, тауыс құсы Иеменге түседі.

Адам ата жерге түскенде Ібіліс барлық аң-құстарға, жан-жануарларға:

– Жерге Адам келді. Ол сендерді жояды. Оны өлтіріңдер, – деді. Аңдар жиналып, Адамды өлтірмекші болады. Құстар келіп, Адамның басын шұқиды. Адам ата Алладан жәрдем сұрайды.

Жебірейіл:

– Мына үш жануардың басынан сипасаң, саған қияметке дейін қызмет етеді, сені қорғайды, – дейді. Олар ит, жылқы, қыран құс екен. Қыран құстардан, ит аңдардан қорғапты. Ал жылқы малы Адамның мінсе көлігі, ұшса қанаты, жесе азығы, ішсе сусыны, кисе киімі, ауырса дәрісі болыпты.

«Отбасы хрестоматиясы»

Сиырдың бүйрегі (қисса)
Қоянның жаралуы (қисса)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу