Ауылдағы халық неге байымайды?

Oinet.kz 07-04-2021 904

Кеше бір ағаммен әңгімелестім,  30 гектар жер алған Талдықорған маңынан, сол жерін игеруге кеткен неше күн бұрын.  Өзі игеруден бас тартып біреуге жалға беріп кеше қайтып кепті, бар дайындықпен кеткен, себетін ұрығына дейін алып дегендей...

Сержан Касен.jpg

Неге бас тарттыңыз  деп едім, бір күрсініп алып әңгімені арыдан бастады.

Ертедегі қазақ қоғамы қалай болып еді, ауылда бір бай болады шіріген, қалғандары соған жұмыс істеп күнін көреді, малын бағады, отымен кіріп күлімен шығады, сол құбылыс біздің ауылдарда әлі сақталған. Барлығыңыз келіседі деп ойлаймын, қазір қай ауылға барыңыз бір байы болады, шұрайлы жер де соның қолында, малы да бар, ауыл шаруашылық техника да соның қолында, сосын бір туысқаны ауылдың әкімі, өзі аудандық маслихатқа депутат, келісесіз бе?

Ал енді жер жоқ демеймін азырақ қаражатыңыз болса игеруге сізге де жер тиеді, бірақ игеру үшін жаңағы байдан су сұрайсыз,  себебі су соның техникасының көмегімен бұрып әкелінеді,  жерді жырту үшін соның техникасына жүгінесіз.  БАЙ қаласа береді қаламаса бермейді. Жалпы ауыл соның ашса алақанында жұмса жұдырығында.  Ал енді айналысып көр жермен.  Жерге тартылған арық жоқ, жер жатыр игерілмей,  әкімшілікке барсаң отырғаны сол қолымыздан ештеңе келмейді, ана байдан сұра деп. Қарап тұрсаң баяғыдағы қазақ қоғамы сол қалпы.

Егер ауылдағы әр отбасында 5 гектар жері болса, су баратын тоғаны болса, су заңды түрде бөлінсе... ауыл лап етіп көтеріліп гүлденетініне кімнің шүбәсі бар?

Ал қазір қалай, ауылда тұрады жері жоқ, болса да жаңағыдай игере алмайды, сосын жастары қала жағалайды, күзетші болады, таксоват етеді,  ауыл жатыр тозып, жалғыз байды онан ары байытып. 

Еее қайтейін...

Сержан Касен

Фейсбуктегі парақшасынан

Қырғыздың жігіті ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА ғашық болыпты. Сонда ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ айтқан сөзі
Түркістанның түрленуіне тер төккен азамат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу