«Денесі көгеріп, тынысы тоқтап қалған»: Жасөспірімді өлімнен құтқарған әйел оқиға туралы айтты

Oinet.kz 14-09-2023 1124

Семейде Ертіс өзенінінің жағасында дем ала алмай жатқан жасөспірімді құтқарған әйел марапатталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Screenshot_65.jpg

"Сол күні ауа температурасы 45 градустан асып кеткен. Ыстықта жағажайда демалушының қарасы көп болды. Балалармен жағалауда демалып жүрген едік, кенет көмекке шақырған дауыс естідім. Еш ойланбастан көп адам шоғырланған жерге қарай көмекке ұмтылдым", - деді Айнұр Садырбалина.

Оқиға орнында бір ер адам жасөспірімге алғашқы көмек көрсетіп жатқан. Алайда көрсетіліп жатқан көмекке қарамастан жасөспірім ес-түссіз болған. Оның денесі көгеріп, тынысы тоқтап қалған.

"Бет-әлпетінен суға батқан адамның барлық белгісі байқалды. Осы сәтте жасөспірімді бірден реанимациялауға кірістім. Сөйтіп оны аман алып қалдым. Бұл сәтте сәл кешіккеннің өзі баланың өміріне орасан зор қауіп төндіруі мүмкін еді", - деді Айнұр Садырбалина.

Адам жанын ажалдан арашалаған Айнұр Садырбалинаны Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы "Суға кеткенді құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады.

Айта кетейік, биыл суға шомылу маусымында Семейде 7 адам суға батып кетті, 6 адам құтқарылды.

Жай ғана досың емес: Ер адамның сізді ұнататынын көрсететін 12 белгі
Жақыны қайтыс болған адамға қалай көңіл айту керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу