Сұлу әйелді кездесуге шақырған сараң еркек

Oinet.kz 16-04-2024 3980

Жақында бір құрбым ер адаммен танысқан. Күнде кездесуге шақырады дейді. Содан бұл оған: «жұмысым 19-00 аяқталады, сосын бір жерде кофе ішейік» деген ғой, сөйтсе жігіті ашуланыпты. 

Screenshot_5.jpg

«Елуге келген әйел болсаң да кофеге сындырмақсың, алдымен танысып, әншейін серуендеп қайтайық» депті. Күн суық. Қара күз. Жұмыстан шаршап шыққан адам, қанша дегенмен хирург, күні бойы тікесінен тік жүреді, сондықтан көшедегі серуен ол үшін қиын. Бірақ ол кофеге шақыруға лайық екенін дәлелдеуі керек екен. Әйтпесе, тиын санаған оңбаған боп шығады.

Бірде танысыма көмек қолын создым. Ол рақметтің орнына электронды гүл жіберіпті. Мүлде ақшаң жоқ па деп ашық сұрадым. Мекенжайымды жасырмаймын, телефонымның нөмірін біледі, 120 рубль сала сал, Лена, мынау сізге деген роза десе, түсінесің ғой. Бірақ мұндай рақмет оның ой таназарына кірмеді.

Мен кез келген құрбым сияқты өзімнің кофеме өзім төлей аламын, керек десеңіз сіздің кофеңізді де төлеп бере аламын. Ол аз десеңіз, түстік ас, таксиіме өзім төлеймін. Қаласам жүз елу роза мен бір жәшік шоколад ала алам. Өйткені, әр әйел өзінің пәтері үшін, ұшаққа билетіне, өзінің көйлектеріне, туфлиі мен көзілдірігіне төлей алады. Біз үшін ештеңеге төлеудің қажеті жоқ. Бізді бағып-қағудың қажеті шамалы. Бірақ біз үшін ақша деген әншейін ақша емес, ол әрдайым өзіңді бағалаудың құралы. Көрсеткен қызметіңе ақы сұрау – пайдакүнемдік емес. Пайдакүнемдік деген сіз үшін бәрі тегін болсын деп ойлау. Мен өзім үшін он сегіз жастан бері төлеп келем. Мұндайды қаһармандық деп есептемеймін. Көрсеткен қызметіңе ақы алу – дұрыс нәрсе. Білімге ақы төлеу де қалыпты дүние. Қонаққа барарда жейтін нәрсе ала келу – қалыпты дүние. Достарыңа дастархан жаю да – қалыпты дүние. Гүл және сыйлық сыйлау – қалыпты дүние. Алғыс айтуды, көңіл бөлуді, ықылас көрсетуді, сезіміңді білдіруді – материалды дүниемен көрсету ең қарапайым тәсіл ғой. Мұндай да роза – жай роза емес, «мың алғыс» дегенді білдіреді. Кофе – жай кофе емес – «саған қамқорлық көрсетуге әзірмін» деу.

Ақша – жай мың сом емес, «сенің уақытың мен біліміңді бағалаймын» деген сөз емес пе?

(С) Елена Пастернак

Аударған Шынар Әбілда

Асқар Кенехан, «Түркістан Конгресс Холл» кешенінің басшысы: «Әнімді Өзбекстанда орындап жүр»
Келіндерінің арам пиғылын сезіп, қызының қадірін түсінген бай әке
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу