Орталық жүйке жүйесі (реферат)

Oinet.kz 07-12-2019 1678

Адам ағзасы физиологиялық белсенділік және тыныштық қалыпты жағдайда болады. Физиологиялық белсенділік жағдайда адам ағзасы түгел, немесе мүшелер жүйесі, немесе жеке мүшесі қызмет атқарып тұрады. Физиологиялық тыныштық жағдайда тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу бірақ көзін жұмып жатады. Адам ағзасының сыртқы және ішкі ортаның түрлі әсеріне жауап беру қабілеті тітіркену деп атайды. Сыртқы және ішкі ортаның әсерін тітіркендіргіш деп атап, тегі бойынша төртке бөледі: физикалық (механикалық соққы, қысым, электрлік әсерлер), химиялық (дәрі-дәрмек, улы заттар, сілті-қышқылдар, тұз-ерітінділер, тамақтың органикалық-бейорганикалық құрамдық бөліктері), физико-химиялық (ерітіндідегі иондар мен заттардың осмостық, парциалдық қысымы, концентрациясы), биологиялық (тірі ағзалардың әсері). Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркенуге қабілетті ұлпаны тітіркенгіш ұлпа деп атайды (жүйке, бұлшықет, без ұлпалары). Тітіркенгіштің тітіркендіргіштің әсеріне электрлік және биохимиялық қасиеттерін өзгертіп, қызметін күшейтіп жауап беруін қозу деп, қозудың бәсеңдеуін немесе тоқтауын тежелу деп атайды. Орталық тежелу құбыысын 1862 жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Тірі жүйенің электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Жасушаның мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық немесе әрекет потенциалы дейді. Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық және физиологиялық біртұтастығыны байланысты. Егер нервті байласа, салқындатса, фармакологиялық, наркоикалық заттармен әсер етсе олардың физиолгиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады.

жүйке жүйе.jpg

Нервтің өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық құрылысымен таныс болу қажет және сонда ондағы өткізгіштік процестерді фармакологиялық жолмен реттеуге болады. Мысалы, новокаин миелінсіз нерв талшықтарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол изоляцияланбаған мембранаммен әректтесе отырып аксоплазмадан анатомиясы, калий иондарының көптеп шығуын туғызады. Нәтижесінде нерв талшығының сырты гиперполяризацияланады. Мұның өзі мембраналық потенциалдың өсуі мен ұлпалар қозғыштығының төмендеуіне әкеп соғады. Тамақтану асты табу қозғалыстарына (бағдарлау, асты ұстау, шайнау, жұтыну т.б.) негізделеді. Жоғарғы жүйке әрекеті күшіне қарай күшті (күшінің қатынасына сай) және әлсіз болып бөлінеді. Күшті тип байсалды (қозғалғыштығына, ширақтылығына сай) және тынышсыз (жеңілтек) болып бөлінеді. Байсалды – қозғалғыш, ширақ тип және селқос, жігерсіз тип болып екіге бөлінеді. Ес – көрген-білгенді, естігенді, сезгенді, өтіп кеткен құбылыстарды нақтылы бір жағдайда, қасиеттерімен бірге жинақтап, тәжірибе ретінде адамның пайдалануы. Есте сақтау – адамның өмірден алған тәжірибесін өзгертпестен қайта жаңғырту. Оқушылардың жұмыс қабілеті тұрақты болмайды. Ол күні бойы, апта, жыл, өмір бойы кейде жоғары, кейде төмен болып өзгеріп отырады. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне әр түрлі факторлар әсер етеді. Ми қыртысының қозғыштығы таң ертең жақсы болып, түске дейін сақталады. Содан кейін біраз уақыт тежелу үстем болып 16-17 сағатта қозғыштық қайтадан жоғарылайды, бірақ ұзаққа созылмайды. Балалардың жұмыс қабілетінің өзгеруі динамикасы таң ертеңгі сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін екі рет жоғарылап, төмен түседі. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне физиологиялық, физикалық және психикалық факторлар әсер етеді. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қыметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сытртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі-ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі - ойлау, дүниетану, пікір тудыру дегеніміз - жүйке жасушасы. Ол - жүйке жүйесі құрамындығы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің морфоөрекеттік негізі. Нейтрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым. Нейрондар пішіні, келемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон талықтары ұзындығына қарай (1 микроннан-1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Нейтроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (гли-опдарды) айтады.

Глия грек сөзі - желім дегей мағынада. Глиаксоны екі түрлі - астроциттер және өзара түйіспелер құрайды. Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша де-несінен күннің сәулесі тәрізді жан-жақта таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. Олигодендпоциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады. Бұл жүйенің аты латынның limbus - жиек деген сөзінен алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршағап құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді дененің жан-жағында орңаласқан: белдеуші қатпар (gyrus hippocampi) миндаль (бадамша) тәрізді кешен (комплекс), күмбез (fornix), гиппокамп, мамиллярлық дене. Бұл құрылымдарды 1878 ж. лимбиялық қыртыс деп атаған. Ол қызмет жағынан таламустың алдыңғы ядролары мен гипоталамус және ортаңғы мидың торлы Құрылымымен тығыз байланысты. Осы аталған құрылымдардың қызмет бірлігін, оның аса күрделілігіп көрсету үшін 1952 ж. П.Д.Мак-Лин (америка ғалымы) оларды бір лимбиялық жүйеге біріктіреді (22-сурет). 

Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызметінің бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы әсерленістерін сақтау. Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түрлі вегетативтік функциялар, ішкі ағзалардың қызметі өзгереді. Мысалы, бадам тәрізді кешенді тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар тонусы өзгереді. Ас қорыту ағзаларының қызметі ішек қимылы, сілекей бөлінуі көбейін, шайнау, жұту қимылдары пайда болады. Мұнымен қатар, қуық жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейееді. Мұндай өзгерістер лимбиялық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Мұнымен қатар қуық, жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейеді. Мұндай өзгерістер лимбиялыық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Айтылған вегентативтік әсерленіс гипоталамусты жеке тітіркендіргенде кездесетін әсерленістерге ұқсас, дегенмен тұтас лимбиялық жүйенің қатысуымен вегетативтік әрекеттердің реттелуі гипоталламустан көп жоғары дәрежеде өтеді. Лимбиялық қыртыс гипоталамуспен бірге ішкі ортаның мұқтаждығын қамтамасыз ететіп іс-әрексті мен эмоцияның калыпптасуына қатысады. Лимбиялық жүйенің кейбір жерін тітіркендіргенде жануарларда себепсіз ашу, ызалану, бой бермей шабуыл жасау немесе қорқыныш сезімдері пайда болады. Егер ол бөліктерді алып тастаса, мысалы, бұрын шабуыл жасауға әрқашан даяр маймыл жетекшісі жуас және сенгіш болып қалады. Мұнымен бірге оның ас іздеу әрекеті және жыныстық функциясы бұзылады. Мұның бәрі лимбиялық жүйе, гипоталамус секілді, вегетативтік және денелік, эндокриндік әрекеттерді үйлестіріп біріктіретінің көрсетеді. Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гап-покампын алып тастаса, жақын арада болғап барлық окиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде бұл құрылым тітіркендірілсе, бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі. Гиппокамптың құрылым ерекшеліктері ондағы қозудын кейрондар тізбектері арқылы айналып жүруіне керекті жағдай туғызады. Осы мәселе, оның есте сақтау қызметінің негізін құрады. Есте сақтау бұл гиппокамп пен жаңа қыртыстың қызметі. Гиппокамп арқылы лимбиялық жүйе жаңа ми қыртысының самай, мандай бөлімдерімен байланысады. Қорыта келгенде лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып бүкіл вегетативтік және дене қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады. 

Орталық жүйке жүйесінің негізгі кызметі - рефлекс (ferlescsus -латын сөзі –тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин. Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінін белгілі бір жерінде топ-талған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады. Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы тарайды. Сондықтан қозудың өткізу еректішеліктері түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне байланысты. Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 ме кідіріп, жүйке орталынғынан баяу өтеді. Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез қажитыны анықталды. Бұл, біріншіден, түйііспелерде медиаторлар мөлшерінің, екіншіден, нейтрон денесіндегі қуат қорының азаюынан, үшіншіден, нейрондарға оттегі жетіспеуінен (гипоксия) болады. Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны жылдамырақ өтеді. Бастапқы қозу келесі қозудың өтуін жеңілдетіп, жүйке орталығында із қалдырады, қысқасы, бастапқы қозу келесіге жол салады, сөйтіп оның өтуін жеңілдетеді. Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштін жиілігі мен күшіне тең бола бермейді. Жеке тітіркендіргішке жауап ретінде жүйке орталығында көптеген қозу толқындары пайда болады. Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатып жауап (рефлекстік әсерленіс) уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ. Қабылдағышты тітіркендіру тоқтағанымен жүйке орталығында қозу көпке дейін тоқтамайды. Бұл үрдіс тітіркендіруден кейінгі әрекет деп аталады. Дивергенция мен конвергенция. Қозудың орталық жүйке жүйесін. Қоздыру ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да түйіспе құрады, яғни бір нейрон аксонының серпінісі бірдей бірнеше нейронды қоздырады. Мұндай құбылыс дивергенция (тармақталыс) деп аталады. Бұған қарама-қарсы құбылыс - конвергенция (түйістіріліс), яғни бірнеше нейроннан кепіп түскен серпіністердің бір немесе азғана нейронда жинауы. Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондары қозған кезде басталатын. Жұлыннан Реншоу жасушасы табылды. Бұл жасуша жұлын мотонейронының айналасында орналасқан. Оны мотонейрон аксоңының бұтағы қоздыра ды. Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды. Тежеуші нейроның аксонытның ұшыпан тежелу медиаторы (гаммааминмай қышқылы не глицин) бөлініп шығады да оның әсерінен түйіспеден кейінгі тежеуші потенцил пайда болады. Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық жүйке жүйесіндсгі су бординация кұбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері әсіресе жинақы қозу, конвергеция мен окклюзияның маңызы өте зор. Бұлармен қатар орталық жүйке жүйесіндегі кездесетін бірнеше құбылыстар (принциптер) рефлекстерді үйлестіру негізін құрады: қозу мен тежелудің жайылысы (иррадиациясы), бір жерге шоғырлануы (концентрациясы), үрдістердің индукциясы мен реципроктық тежелу, доминаттық қозу, кері байланыс, соңғы жалпы жол. Жүйке орталығында пайда болған бір үрдіс екінші қарама-қарсы үрдістін тууына себепкер болады. Бұл индукция құбылысы. Жүйке жүйесінде қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мәселен, жұлынның бір сегментін жартысында бұғу орталығы қозады. Мұнымен бірге екінші жартысындағы жазу орталығы қозыт, бұгу орталығы тежеледі. Келесіде осы орталықтағы үрдістер бірін-бірі алмастырады. Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч. Шерингтон репрокцииялық (жегілген немесе қосарланыс) тежелу деп атаған. Репрокциялық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді

Қазақстанның ғарыш аймағы (реферат)
Дарвин ілімі (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу