Жетімдік туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 02-01-2020 3312

Жетім қыздың жеңгесі көп.


Жетім қыздың алпыс анасы бар.


Жетімнің қарны жетеу.


Жетім балаға жеті бидай да тамақ.


Ескі киімнің биті ащы,

Жетімнің тілі ащы.

Картинки по запросу жетім

Қаз бен үйректің панасы - көл,

Жетім мен жесірдің панасы - ел.


Жетім баланың еншісі - қотыр тай.


Жерде жетім жыласа,

әуеде періште тітіркенеді.


Жетімді желе, жесірді еле.


Жетімге жүгінбе, жесінге кіжінбе.

Ұлыстың Ұлы күні туралы шығарма
Наурыз көже туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу