Денсаулық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 02-01-2020 2131

Тазалық - саулық негізі,

Саулық - байлық негізі.


Жарлының байлығы -  денінің саулығы.


Тыныш құлақ, сау бас,

Бас сауында аулақ қаш.


Сау бол жаным,

Сөз емес дүние-малым.

Картинки по запросу здоровье

Аманат аман сақтайды.


Садақаңды сауында бер,

Ауырған соң пайда жоқ.


Құр атқа мінгендей.


Өліп өскен малға сүйін,

Өлмей өскен басқа сүйін.


Сау төрде, ауру көрде.


Жұмыры бардың ғұмыры бар.

Байлық туралы мақал-мәтелдер
Дерт туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу