Менің алғашқы сынып жетекшім туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 1395

Мен ең алғаш мектепке барған сәтім әлі есімде. Қолымнан әпкем жетектеп, сыныпқа кіргізіп, партаға отырғызды. Мен ештенеңі түсінбей үнсіз отырмын. Бір уақ сыныпқа жүзі жылы, күлгенде күн сәулесі секілді жайнап тұратын, мейірімді жанарымен орта жастағы әйел кісі кіріп келді. Баршамыз үндемей сол кісінің жүзіне қарап тұрмыз. Әпкем мені ұстазға табыстап, сыныптан шығып кете берді. Көпшілік ортаға әрі бөтен кісілердің ортасында алғаш жалғыз қалуым. Қорқып отырмын.

kalasa-620x411.jpg

Жанағы жүзінен шуақ таралып тұрған жан қасыма келіп «мен сенің сынып жетекшінмін» деп айтып, маңдайымнан сүйді. Мендегі қорқыныш сейіліп, жаным жай тапты. Кейіннен оқушылармен таныстырып, сыныпта отыратын өз орнымызды анықтап берді. Бұл сәтті жүрегіме мөрлеп қойдым. Маған алғаш қалам ұстауды, әріп жазуды, әріптерді бір-бірімен қосып айтуды, сандарды жазу мен есептеуді үйреткенде осы жан. Партада денемізді тік ұстап отыру мен ұстаздар келгенде орынымыздан тұрып құрмет көрсету керектігін, үлкен кісілерге әуелі қол созып, амандасудың дұрыстығын үйреткен де ұстасымыз. Менің ұстазым – екінші анам. Жыласам жұбатып, қуансам менімен жас балаша қуанып отыратын, менің әр айтқан сөзіме қуанып, тамсанып, бар мейірімімен қарап жүретін жан. Есімде, алғаш қалам ұстап жазу жазатын кезімде мен сол қолмен жазатынмын. Ұстазым жай сөзбен де, ұрсыпта мұнын дұрыс емес екенін айтып отырды. Бірақ мен қолымның үйренгенімен жаза беретінмін. Ұстазым бұл жағдайымды реттеу үшін маған әркез тәттілермен әкеліп, беріп жүретін. Мен кішкентай болғасын, тез үйреніп кеттім. Бұл оқиға әркез жадымда қалды. Менің алғашқы сынып жетекшім әркез есімде қалып қойды.

Дау туралы мақал-мәтелдер
Ұрлық туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу