Бұзау туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 1547

Болатын өгіз бұзауынан белгілі.


Қолда өскен бұзау бұқа болмас.


Ортақ өгізден оңаша бұзау.


Түзде бұзау өлсе,

Үйдегі сүтке ит тиеді.

Картинки по запросу бұзау

Түзде бұзауы жамырағанның,

Үйінде айраны төгілер.


Бұзаудың жүгіргені сабанханаға дейін.


Тана желіндегенін білмейді,

Бұзаулағанды біледі.


Құдай жүгіртпегенді,

Бұзау жүгіртеді.

Өгіз туралы мақал-мәтелдер
Қой туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу