Қош бол, менің мектебім. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 3275

Мектеп – білім ордасы. Біз мұнда тарыдай болып кіріп, таудай болып шығамыз. Осында үлкен өмірге даңғыл жол жасап, өз өмірімізді қалыптастырамыз. Әр адамның өмірінде мектептің алар орны өте маңызды. Мектеп – екінші үйіміз. Осында көп уақытымыз өтеді. Ал енді, қазір алтын ұя – мектебімізбен қоштасатын сәтте кеп қалды. Қимаймын.

image.png

Алғаш мектепке келген сәтім әлі есімде. Үстіне мектеп формасын киген, қолында әдемі гүл шоғы бар көзі жәутендеп мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршін. Осы бейне әркез жадымда. Тарыдай болып кіріп, таудай биік азамат болып шыққалы жатырмыз. Мектеп кездегі көнілді кездеріміздің соңғы күндері өтіп жатыр. Бәріміздің жүрегімізде қимастық сезім бар.

Мектеп – үлкен өмірге дайындық. Осында өміріміздің іргетасын ақырындап қалаймыз. Өмірде өз орнымыз бен жұмысымызды табу үшін осында білім алып көркейеміз. Мектептегі әрбір күніміздің көңілді өтуіне сыныптастарымның тигізер әсері мықты. Олармен өткізген әр сәт қымбат. Естен кетпес естелікке тола. Кейде сыныпта бәріміз сабақ оқысақ, кейде сабақты ұмытып шуылдап, гуілдеп әңгіме айтамыз. Әңгімеміз таусылған емес ешқашан. Кішкентай кеземізде бір-бірімізді ұрып, қуалап ойнап жүрсек, уақыт өте есейгесін мағыналы әңгімелер айтылып, келешекке қойған мақсаттарымыз жайлы талқылайтын болдық. Білімді адамның болашағы жарқын болатыннын ұғынып, әркез білімімізді арттыруға бір-бірімізге көмектесіп жүрміз.

Мектеппен қоштасатын сәт таяп қалды. Алда мектеп қабырғасында оқыған білімі дәрежемізді көрсетін тест бар. Баршамыз соған дайындылып жатырмыз. Әркімнің жүрегінде қобалжу. Мектеп абыройын көтеру мен университетте тегін оқу мүмкіндігін алу басты мақсатымыз. Тесттен соң біз алтын ұя мектебімізбен біржолата қоштасамыз. Қимаймыз. Сағынамыз. Іздейміз.

Қазақ қыздары және әлемдік мәдениет (Тәрбие сағаты)
Байлық деген не? Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу