Диплом жазудағы 7 қателік

Oinet.kz 18-08-2020

Диплом – ЖОО-дағы 4-5 жылдық білімнің көрсеткіші. Бірақ студенттер жылдар бойы жоғары көрсеткіш көрсетіп келіп, осы бір диплом жазу этапынан сүрініп жатады. Осы тұста Умберто Эконың «Дипломды қалай жазу керек»  деген кітабынан нұсқаулық ұсынамыз.

books.jpg

1. Тақырып нақты болуы керек

«Кез келген студенттің бірінші қателігі – аз уақыттың ішінде ауқымды тақырыпта дипломды жаза саламын деген оймен жүруі» дейді автор. Осы қателікті жіберген түлектер «ештеңені түсінбеген» комиссияға ренжіп жатады. Егер сіз қорғау кезінде өз дипломыңызда белгілі бір ақпараттың болмағаны үшін мұғалімдер алдында ақталғыңыз келмесе, тақырыбыңызды нақтылаңыз. Тақырып дипломда не туралы айтатыныңызды нақты айқындап тұрсын.

2. Өзіңізге таныс емес тілдегі шығармаға зерттеу жүргізбеңіз

Диплом ақын-жазушылар туралы болса, тілді білмей тұрып зерттеу жүргізу мүмкін емес. Өйткені сіз мұнда ақынның биографиясына ғана емес, нақты шығармаларына мән беруіңіз керек. Ал шығарманы сезініп, түсінбей жатып оған зерттеу жүргізу мүмкін емес.

3. Диплом жазуға 6 айдан 3 жылға дейін уақыт бөліңіз

Умберто Эко тақырыпты ІІ курстан соң таңдауға кеңес береді. Бұл сіз таңдаған тақырыбыңызды мүлде өзгерте алмайсыз деген сөз емес. Қайта осы арқылы таңдау жасауда алданып қалмағаныңызға көз жеткізе аласыз.

4. Кітаптар тізімін жасап алыңыз

Иә, XXI ғасырда кез келген дерек көзін табу қиынға соға қоймасы анық. Дегенмен өзіңізге нақты керек кітаптардың тізімін жасап алғаныңыз дұрыс. Сіз тұратын өңірде ондай кітаптар табыла ма? Ол кітаптардың электронды нұсқасы бар ма? Міне, осыған диплом жазбас бұрын көңіл бөлу керек.

5. Керек деректі белгілеп алуды ұмытпаңыз

Егер кітап сіздікі болса, керек деректі дереу қаламмен, маркермен белгілеп алыңыз. Ақпаратты бір жүйеге салып реттеп алыңыз. Мұнда сізге инфо-карталар көмекке келеді. Картотека арқылы жұмыс істеңіз.

6. Сапалы мәтін жазыңыз

Сауатты әрі түсінікті мәтін адамды алғашқы сөйлемнен-ақ үйіріп әкетеді. Умберто Эко мұны айрықша ескертеді.

7. Ашық әрі анық жазыңыз

Дипломыңызды ғылыми оқырман ғана емес, қарапайым адамдар да түсінетін болсын. Автор оқырманға деген құрмет туралы көп айтады. Ол дипломның мәтінін тек ғылыми жетекшіге, рецензентке және комиссияға ғана түсінікті болуын мақсат етпеуге шақырады.Сондықтан көпшілікке түсінікті тілде жазыңыз.

Табысқа жеткен әйелдердің құпиясы жазылған 5 кітап
Жұмбақтар (жауабымен)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×