Сабақ жоспары: Айтыс және оның түрлері

Oinet.kz 05-09-2020 1616

Сұлтан Әйгерім Қайсарқызы,

Нұр-Сұлтан қаласы

Гуманитарлық колледжі

бастауыш мамандығы бойынша оқитын

 3 курс студенті

 

Сабақ түрі, өткізу үлгісі: Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаттары:

а) Айтыс туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;                                   

   ә) сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;                                                                                

б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін, жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, баяндау, қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақ жабдығы: презентациялар, А-3,А-4 қағаздары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілін оқыту әдістемесі, қазақ әдебиеті

Сабақта қолданылатын технологиялар: Сатылай кешенді талдау, СТО, АКТ

Негізгі әдебиет:

1.      Ж.Дәулетбекова, Қ.Рай, Ш.Есмағанбетова «Қазақ тілі сөз мәдениеті және шешендік»

2.      Балақаев .М .Қазіргі қазақ тілі.Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі.

3.      Қалиев.Ғ.Оралбаева.Н. Бейсембаева. Қазіргі қазақ тілі лабораториялық жұмыстар

4.      Оразахынова.Н. Шалова. Р. «Бастауыш сыныптарда тілдік бірліктерді сатылай кешенді талдау»

5.      Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша жалпы білім беретін мектептердің таңдау курсына арналған.


Сабақтың кезеңдері

 

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру

5 минут

2

Білімдерін тексеру

Студенттер сіздер Шешендік сөз прагматикасы дегенді қалай түсінесіңдер?   (Студенттердің ойын тыңдау) Біраз мәліметтер алдық, енді қосымша мына   мәліметтерді дәптерге жазып алайық:

   Сайын дала төсінде мал-жан,тіршілік   қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қамында қомында көшіп-қонып жүрген дарынды   халқымыз көршілес батыс-шығыс елдеріне қарағанда жазу-сызу мәдениеті кенжелеу   дамымағанымен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан  алғанда қай халіктікінен  болса да кем түспейтін ,олқы соқпайтын   орасан бай ауыз әдебиетің жасады.

25 минут

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

                 Өз пікірін, ойын,   көзқарасын жеткізуде пікірталас түрлерінің ішіндегі ең көркемі,нағыз сөз   шеберінің ғана қолынан келер өнер туындысы-айтыс.

          Халыққа танымал айтыс   ақындары ән мен жрдың шеберлері ғана емес, ел тілегін, жұрт қамын айтқаннан   соң, ел еркелері де-солар.

  1. Айтыс-қазақ халқының ежелден қалыптасқан        өлеңмен суырып салып айтатын сөз сайысы,жыр жарысы.

  2. Айтыс-түрлі ой-пікірлердің талқыға түсуі,әр        пікір, ойды айтушының өзін қорғай алуы. Айтыс көпшілік алдында немесе        екеара немесе топтар арасында өтуі мүмкін.

Жаттығумен   жұмыс:  38-жаттығу. Мәтінді оқыңдар.

1.Алғашқы айтыстағы Шөже басымдылығы неде деп ойлайсыңдар?

2. Екі айтыста да Шөженің жеңуінің сыры, шеберлігі неде?

А) әдептен озбай, қарсыласын көтермелей отырып соққы береді;

ә) жасы үлкендігі;

Б) тапқыр жауабында.

Венн   диаграммасы: Шөжеге, Орынбайға мінездеме   беріңдер

 

                             Шөже                       Орынбай


 


 

 


 

.

 

30

минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Оқушылардың өзіндік жұмысы

Тақырыпты бекіту

Шешендік өнер мен шешендік сөздің айырмашылығы. (Венн диаграмма)

 

15 минут

 

5

Сабақ қорытындысы

Автордың ойын негізге ала отырып, қазақ билерінің 1 сөзіне талдау   жасаңыздар

5

минут

7

Үй тапсырмасы

«Қазақ тілі сөз мәдениеті және шешендік» оқулығынан 33-  бет, 2-тапсырманы орындау.

 

5 минут


Сабақ жоспары: 20-ға дейінгі сандарды салыстыру
Ашық сабақ. Математика. 1 сынып. Теңдік пен теңсіздік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу