Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы

Oinet.kz 08-10-2019 1456

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Қарашоқат орта мектебінің
АӘД пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы
Жамеков Кенжес

10 сынып
Бастапқы әскери дайындық
Сабақтың тақырыбы: Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ҚР - ң Қарулы күштерінің атыс қарулары жөніндегі мағлұматтарын кеңейту, білдіру, меңгерту.
Дамытушылық: автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтауды үйрету және оған қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: елін, жерін сүюге саналы түрде Отанын қорғауға дайын болу, батылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Керекті құралдар: плакат «Калашников автоматы», тест, тірек сызба.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: взвод командирі сапқа тұрғызу. Оқытушыға рапорт беру, амандасу, сырт көрінісін тексеру, түгендеу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Тест:
1. Калашников автоматын кім шығарған?
а) Ф. В. Токараев ә) М. Т. Калашников б) Д. М. Кочетов
2. Калашников автоматы неге арналған?
а) қарсыласты қоян - қолтық шайқаста жеңіліске ұшыратуға
ә) атқыштарды алғашқы атуға үйретуге
б) қарсыластың адам күшін жоюға
3. Калашников автоматының бүгінгі күнде неше түрі бар?
а) 8 ә) 10 б) 12 - 17
4. Автомат алғаш рет қай жылы шықты?
а) 1947 ә) 1942 б) 1943
5. Калашников автоматының оқжатарында патрондар сыйымдылығы?
а) 32 ә) 45 б) 30
6. АК - 74 автоматының жарақталған оқжатармен қосқандағы салмағы?
а) 3, 6 кг ә) 3, 2 кг б) 5, 8 кг
7. Ак - 74 автоматының ұңғы калибрі?
а) 7, 62 мм ә) 5, 45 мм б) 6, 35 мм
8. Нақты атыс қашықтығы?
а) 500 м ә) 700 м б) 600 м
9. Сүңгі пышақтың салмағы?
а) 480 г ә) 490 г б) 500 г
10. Оқтың бастапқы жылдамдығы?
а) 900 м/с ә) 960 м/с б) 1000 м/с

Тірек сызба:
Оқушылар тақтаға шығып тірек сызбадағы суреттерді пайдаланып, ұяшықтарды толтырады.

ІІІ. Негізгі бөлім
Бекітпе – патронды оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты (патронды) алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізінде соққыштан серіппесімен өсі бар лақтырғыштан және бұрамасұқпадан тұрады.
Қайтармалы механизм – бекітпе мен қоса бекітпе жақтауын алдыңғы жағдайға қайтару үшін арналған. Ол қайтармалы серіппеден, бағыттаушы өзектен, жылжымалы өзектен және жалғастырғыштан тұрады.

ІҮ. Сабақты бекіту.
Тақтада ілулі тұрған машықтану тапсырмасымен жұмыс.
Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі:

Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы.
Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу