Сабақ жоспары: Отырар қаласы

Oinet.kz 04-10-2020 1816

Абдикулова Жанат Жанбырбаевна

Шымкент қаласы, N64  Ж.Аймауытов атындағы көп салалы мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:    Отырар қаласы

Сабақтың мақсаты:   

а) білімділік

Отырар қаласының гүлденген уақыты туралы түсіндіре отырып, Отырардың ерлігі туралы толық мағлұмат беру.

ә) дамытушылық

Оқушылардың  логикалық ой-өрісін дамыту.

б) тәрбиелік мәні

Оқушыларға Отырар ерлігін үлгі ете отырып, елсүйгіштікке, Отынсүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта, БАҚ, тарихи кітаптар, буклеттер.

Сабақтың әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:  Қазақ тілі мен әдебиеті, география

Сабақтың барысы:          І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Өткен сабақты сұрау

а)  «Қашан? Қайда? Қандай?» ойыны арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Отырар қаласының ерлігі.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VІ. Оқушыларды бағалу.

«Қашан? Қандай? Қайда?». Шарты: сызбанұсқа толтыру.

 

870 жылы

Отырар ауданында

дүниеге келді

ІІ-ХV ғасыр

Отырар ауданында

білім орталық   болған

1931 жылы

Әл-Фараби атындағы

кітапхана ашылды

1970 жылы

Әл-Фарабидің 1100   жылдылығы

бүкіл дүние жүзі   тойлады

150 жуық

Іргелі еңбектері   түрлі ғылым салаларымен

жазған

950 жылы

Шам шаһарында

кайтыс болды

Әл-Фараби атындағы Университет

1934 жылы ашылды

Алматы қаласында

 

 Жаңа сабақ

       Археологиялық зерттеулер VІ-Х   ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жақсы дамып өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу өңірінде қолөнер мен сауда және мәденсеттің шоғырланған орталықтары-қалалар қалыптасты

  Отырар – бүіл Шығысқа танымал болған ежелгі қалалардың бірі.

 Отырар – алғаш Фараб деп атаған. Арабтың бұл сөзі «парасат»  дегенді білдіреді. Отырар – VІ –VІІІ ғасырда  Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болды.

Отырар қаласының гүлденіп орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Иран мен Орта Азиядан  Сібірге Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан-жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті  қонақ үйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері байлар, ірі саудагерлер  қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында  қарапайым халық  қоныстанды.  Қала екі  үлкен дуалмен  қоршалған. Біріншісі қаланың  бүкіл аумағын  қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.

1218 жылы  Шыңғысхан  басқарған Монғолдың қалың  қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттынды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары  ішіндегі Отырар сол кездегі ең  мықты қалалардың бірі саналды. Оның  билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен-жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың  арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың  дарбазасын  жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше  күн бойы тонап, қиратады.

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Тапсырма: сұраққа жауап беру:

1.     ІХ-Х ғ.ғ. алғашқы мұсылман бейіттері Отырар оазисінде  табылды.

2.     Монғолдардың Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия аумағына басып кіруіне  сылтау болған оқиға:  Отырарды Шыңғысханның саудагерлерінің өлтірілуі.

3.     Отырар әміршісі: Қайырхан.

4.     Қайырхан 80 мың әскермен Отырар қаласын Шыңғысханнан 5 ай  қорғады.

5.     Ең соңғы  жауынгері қалғанша Шыңғыс хан әскеріне қарсылық көрсеткен: Қайырхан.

6.     Әмір-Темір 1405 жылы Қытайға бара жатып   Отырар қаласында  қайтыс болған.

7.     Отырар билеушісі Қайырханның Монғолдардан жеңілуінің негізгі себебі: өз жасақтарының сатқындығы.

8.     Отырар қаласын бес ай бойы оның билеушісі Қайырхан қорғады.


Оқушыларды  отаншылдыққа,  елсүйгіштікке баули отырып, батырлық, ерлік, отан жайында мақал-мәтел айтқызу.

1. Батырдың қаһары – еліне қорған.

2. Ерді намыс өлтіреді,

    Қоянды қамыс өлтіреді.

3. Отан от басынан басталады.

4. Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

5. Отан үшін отқа түссең де күймейсің.

6. Отан оттан да ыстық.

7. Ер есімі ел есінде.

8. Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.

9. Ерлік білектен емес, жүректен.

10. Жүк ауырын нар көтерер,

      Ел ауырын ер көтерер.

 

V.  Оқушыларды бағалау.

VІ.  Үйге тапсырма беру. Отырар қаласы жайында реферат жазып келу       

Сабақ жоспары: Алтын киімді адам
Сабақ жоспары: Орта ғасырдағы Түркия
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу